Путин Тоқаев пен Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

© Sputnik / Михаил Куравлев / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин
Президент РФ В. Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты ресейлік көшбасшы Владимир Путин келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Кремль сайты.
"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатында Ресей мемлекетінің басшысы өткен жылы Ресей-Қазақстан қатынастары стратегиялық әріптестік, одақтастық және тату көршілік қағидаттарының берік негізінде қарқынды дамуын жалғастырғанын атап өтті: екіжақты сауда қарым-қатынасы жақсы көрсеткіштерге жетті, өнеркәсіптік, энергетикалық және басқа да салалардағы ірі бірлескен жобалар сәтті іске асырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Путин шет мемлекеттердің кейбір бұрынғы басшылары мен үкімет басшыларын, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
Жаңалықтар
0