Павлодардың жаңа әкімі тағайындалды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области / Алибек ДженалиновПавлодардың жаңа әкімі Ержан Иманазайыпов болды
Павлодардың жаңа әкімі Ержан Иманазайыпов болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
Депутаттар жаңа қала басшысының кандидатурасын Павлодар мәслихатының сессиясында бекітті
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Павлодар қаласының жаңа әкімінің кандидатурасы президент әкімшілігінде келісіліп, қалалық мәслихат депутаттарымен мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Асайын Байханов Павлодар әкімі жұмысының басымдықтарын айтып, табыс тіледі.
"Облыс орталығының басшысы болу - үлкен жауапкершілік, қала тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, коммуналдық қызметтер мен басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру керек. Халықты мазалаған мәселелерді жедел шешу қажет. Павлодар қаласын одан әрі дамыту, абаттандыру, қала тұрғындарының өмірін жақсарту қала басшысы жұмысының басым бағыттарына айналуға тиіс", - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі.
Ержан Бейбітұлы Иманзайыпов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар.
2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" мамандығы бойынша;
2010 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын "Қаржы"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2006-2007 жылдары - индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2007-2011 жылдары - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы.
2011-2013 жылдары - Ақмола облысының табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары.
2013 жылдан 2014 жылға дейін - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары.
2014-2016 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2016-2017 жылдары - Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
2017-2019 жылдары - Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2019 - 2020 жылдары - Екібастұз қаласының әкімі болды.
Жаңалықтар
0