https://sputnik.kz/20221230/nato-kimdi-alsiz-dep-esepteydi-30836768.html
НАТО кімді әлсіз деп есептейді
НАТО кімді әлсіз деп есептейді
Sputnik Қазақстан
Батыстағы жетекші бірнеше БАҚ бундесверді өткір сынға алды. Олар Германияны Украинаға жеткіліксіз көмек беріп жатыр және соғысу қабілеті әлсіз деп айыптады... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T18:23+0500
2022-12-30T18:23+0500
2023-01-04T12:23+0500
германия
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839857_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_e1d093a2f0e0cadf8f36165498329b58.jpg
Батыстағы жетекші бірнеше БАҚ бундесверді өткір сынға алды. Олар Германияны Украинаға жеткіліксіз көмек беріп жатыр және соғысу қабілеті әлсіз деп айыптады, деп жазды РИА Новости.Германияда азаматтық және әскери машина жасау өндірісі қуатты екені белгілі. Неміс автомобильдері мен әскери техника ұзақ жылдар бойы сапа үлгісі болып келді. Бірақ Rheinmetall концернінің мамандары соңғы бұйымды дайындауда олқылықтар жіберген секілді. Puma жаяу әскерге арналған әскери машинасы 2015 жылы қарулануға қабылданды. Армия қажеттілігі үшін 350-ге жуық машина дайындалды.Бұл техника әлемдегі ең қымбат және ауыр жаяу әскерге арналған әскери машинаға айналды. Құжатта тактика-техникалық сипаттамалары сенім тудырарлықтай көрсетілген. Әскери салмағы – 43 тонна, алдыңғы бронь 45 миллиметрлі снарядтан қорғай алады, MUSS белсенді қорғаныс кешені, жылдам оқ атуға арналған 30 миллиметрлі автоматты зеңбірек, 1088 ат күші бар қозғалтқыш, тас жол бойынша жылдамдығы сағатына 70 километрге жетеді. Экипаж – үш адам, десанттық бөлмеде алты жауынгерге дейін сыяды. Заманауи оқ атуды басқару жүйесі атыс дәлдігін қамтамасыз етеді және бөлімшенің басқа техникасымен өзара қатынасын жақсартады.Алайда машина әскерге жеткізілген кезде проблемалар анықталды. Олар өте күрделі, жоғары деңгейде техникалық қызмет көрсетуді талап етті және бірнеше ақау анықталды.Жақында өткен оқу-жаттығулар кезінде жұмылдырылған 18 Puma әскери машинасы істен шықты. Мұнараны бұру механизміндегі, зеңбірек жұмысындағы және электроникадағы ақау ең көп тіркелген себеп болды. Машиналардың біріндегі жүргізуші кабинасында тіпті өрт шықты. Нәтижесінде, Берлиндегілер сатып алулардан уақытша бас тарту туралы шешім қабылдады."Тағы бір мәселе – ұңғымалы артиллерияның шағын қоры. The Times газетінде жарияланған Германия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 155 миллиметр калибрлі 121 PzH 2000 өздігінен жүретін гаубицаның үштен екісі (шамамен 80 дана) әскери қызметке жарамсыз. Сонымен қатар, Украина Қарулы күштеріне берілген 14 өздігінен жүретін қондырғының алтауы қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты Литваға жөндеуге жіберілді. Еуропалық гаубицалар соғыс қимылдарының қарқынына төтеп бере алмайды және ресурстарды тез шығындап отыр", - деп жазды мақала авторы.Суық жыл мезгіліне арналған арнайы жанар-жағармай жеткіліксіз. Украина қоймаларында әлі де жеткілікті мөлшердегі кеңестік жанар-жағармаймен алмастыру мүмкін емес. Қазір Донбасста ми батпақ болып жатқанын және майданды қажетті жабдықпен қамтамасыз ету өте қиын екенін ескерсек, украин артиллеристері бір уақытта батыстық қарусыз қалу қаупі бар.Бундесверде оқ-дәріге байланысты қиындықтар да бар. Die Welt газеті снарядтар армияның бірнеше күндік қарқынды ұрысына ғана жеткілікті екенін есептеді. Оның орнын тез толтыру мүмкін емес: қорғаныс өнеркәсібі 155 миллиметрлі калибрді жаппай өндіруге бейімделмеген.Шикізат тапшылығы жағдайды қиындатып отыр. Германия снаряд өндірісі үшін қажетті мақта линтті Қытайдан жеткізеді, ал желтоқсанның басында белгісіз себептермен ҚХР келесі партияны жіберуді кешіктірді. Бундесвер соңғы айларда бұл материал бойынша тапсырыстарды орындау уақыты үш есеге артқанын мойындады.Spiegel басылымы қарулы күштер қару-жарақ пен техниканың барлық дерлік түрлерінде қиындықтарды бастан кешіріп жатқанын айтады. Құрлық әскерінің жауынгерлік әзірлігі 41 процент деңгейінде бағаланып отыр.Бұған дейін Әскери-әуе күштері қолбасшылығы Қорғаныс министріне NH-90 көп мақсатты 77 тікұшақтың тек 44-і салыстырмалы түрде жарамды, ал тоғызы ғана толық жауынгерлік әзірлікте екенін хабарлаған."Тигр" шабуылдау тікұшағы бойынша да жағдай мәз емес. Сатып алынған 53 көліктің 36-сы әскерде болса, 12-сі жауынгерлік әзірлікте тұр. 93 дана "Торнадо" бомбалаушы ұшағының 57-сі әскерде, ал 20-сы дайындықта тұр.Жауынгерлік тиімділікке авиацияда, артиллерияда және кибер бөлімшелерде білікті кадрлардың жетіспеушілігі де айтарлықтай әсер етеді. Германия әскерінің әртүрлі бөлімдеріндегі мамандардың тапшылығы 21 мың адамға жетеді. Ал қорғаныс министрлігі бұл қордаланған мәселелерді қалай шешетіні әзірге белгісіз.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839857_167:0:2898:2048_1920x0_80_0_0_d51b7b3ce92889276d045b138d1129c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия
Батыстағы жетекші бірнеше БАҚ бундесверді өткір сынға алды. Олар Германияны Украинаға жеткіліксіз көмек беріп жатыр және соғысу қабілеті әлсіз деп айыптады, деп жазды
РИА Новости.Германияда азаматтық және әскери машина жасау өндірісі қуатты екені белгілі. Неміс автомобильдері мен әскери техника ұзақ жылдар бойы сапа үлгісі болып келді. Бірақ Rheinmetall концернінің мамандары соңғы бұйымды дайындауда олқылықтар жіберген секілді. Puma жаяу әскерге арналған әскери машинасы 2015 жылы қарулануға қабылданды. Армия қажеттілігі үшін 350-ге жуық машина дайындалды.
Бұл техника әлемдегі ең қымбат және ауыр жаяу әскерге арналған әскери машинаға айналды. Құжатта тактика-техникалық сипаттамалары сенім тудырарлықтай көрсетілген. Әскери салмағы – 43 тонна, алдыңғы бронь 45 миллиметрлі снарядтан қорғай алады, MUSS белсенді қорғаныс кешені, жылдам оқ атуға арналған 30 миллиметрлі автоматты зеңбірек, 1088 ат күші бар қозғалтқыш, тас жол бойынша жылдамдығы сағатына 70 километрге жетеді. Экипаж – үш адам, десанттық бөлмеде алты жауынгерге дейін сыяды. Заманауи оқ атуды басқару жүйесі атыс дәлдігін қамтамасыз етеді және бөлімшенің басқа техникасымен өзара қатынасын жақсартады.
Алайда машина әскерге жеткізілген кезде проблемалар анықталды. Олар өте күрделі, жоғары деңгейде техникалық қызмет көрсетуді талап етті және бірнеше ақау анықталды.
Жақында өткен оқу-жаттығулар кезінде жұмылдырылған 18 Puma әскери машинасы істен шықты. Мұнараны бұру механизміндегі, зеңбірек жұмысындағы және электроникадағы ақау ең көп тіркелген себеп болды. Машиналардың біріндегі жүргізуші кабинасында тіпті өрт шықты. Нәтижесінде, Берлиндегілер сатып алулардан уақытша бас тарту туралы шешім қабылдады.
"Тағы бір мәселе – ұңғымалы артиллерияның шағын қоры. The Times газетінде жарияланған Германия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 155 миллиметр калибрлі 121 PzH 2000 өздігінен жүретін гаубицаның үштен екісі (шамамен 80 дана) әскери қызметке жарамсыз. Сонымен қатар, Украина Қарулы күштеріне берілген 14 өздігінен жүретін қондырғының алтауы қосалқы бөлшектердің болмауына байланысты Литваға жөндеуге жіберілді. Еуропалық гаубицалар соғыс қимылдарының қарқынына төтеп бере алмайды және ресурстарды тез шығындап отыр", - деп жазды мақала авторы.
Суық жыл мезгіліне арналған арнайы жанар-жағармай жеткіліксіз. Украина қоймаларында әлі де жеткілікті мөлшердегі кеңестік жанар-жағармаймен алмастыру мүмкін емес. Қазір Донбасста ми батпақ болып жатқанын және майданды қажетті жабдықпен қамтамасыз ету өте қиын екенін ескерсек, украин артиллеристері бір уақытта батыстық қарусыз қалу қаупі бар.
Бундесверде оқ-дәріге байланысты қиындықтар да бар. Die Welt газеті снарядтар армияның бірнеше күндік қарқынды ұрысына ғана жеткілікті екенін есептеді. Оның орнын тез толтыру мүмкін емес: қорғаныс өнеркәсібі 155 миллиметрлі калибрді жаппай өндіруге бейімделмеген.
Шикізат тапшылығы жағдайды қиындатып отыр. Германия снаряд өндірісі үшін қажетті мақта линтті Қытайдан жеткізеді, ал желтоқсанның басында белгісіз себептермен ҚХР келесі партияны жіберуді кешіктірді. Бундесвер соңғы айларда бұл материал бойынша тапсырыстарды орындау уақыты үш есеге артқанын мойындады.
Spiegel басылымы қарулы күштер қару-жарақ пен техниканың барлық дерлік түрлерінде қиындықтарды бастан кешіріп жатқанын айтады. Құрлық әскерінің жауынгерлік әзірлігі 41 процент деңгейінде бағаланып отыр.
Бұған дейін Әскери-әуе күштері қолбасшылығы Қорғаныс министріне NH-90 көп мақсатты 77 тікұшақтың тек 44-і салыстырмалы түрде жарамды, ал тоғызы ғана толық жауынгерлік әзірлікте екенін хабарлаған.
"Тигр" шабуылдау тікұшағы бойынша да жағдай мәз емес. Сатып алынған 53 көліктің 36-сы әскерде болса, 12-сі жауынгерлік әзірлікте тұр. 93 дана "Торнадо" бомбалаушы ұшағының 57-сі әскерде, ал 20-сы дайындықта тұр.
Жауынгерлік тиімділікке авиацияда, артиллерияда және кибер бөлімшелерде білікті кадрлардың жетіспеушілігі де айтарлықтай әсер етеді. Германия әскерінің әртүрлі бөлімдеріндегі мамандардың тапшылығы 21 мың адамға жетеді. Ал қорғаныс министрлігі бұл қордаланған мәселелерді қалай шешетіні әзірге белгісіз.