https://sputnik.kz/20221230/diana-tashimbetova-alem-aruy-qazaqstan-2022-atagynan-ayyryldy-30784407.html
Диана Тәшімбетова "Әлем аруы Қазақстан-2022" атағынан айырылды
Диана Тәшімбетова "Әлем аруы Қазақстан-2022" атағынан айырылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы "Әлем аруы Қазақстан-2022" атағынан айырды... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T16:37+0500
2022-12-30T16:37+0500
2022-12-30T16:37+0500
қазақстан аруы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29476588_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_c53046758c71ff242df32af83d41b4ae.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы "Әлем аруы Қазақстан-2022" атағынан айырды. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми мәлімдемесінде айтылған."Қазақстан аруы - 2022" финалисі Диана Тәшімбетова сұлулық конкурсының ұйымдастырушыларына шағымданған. Бойжеткен парақшасында "Қазақстан атынан "Әлем аруы" сұлулық байқауына қатыспайтынын, себебі "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті тарапынан қаржыландыру болмағанын мәлімдеген. Ал ұйымдастырушы комитеттің бұған айтар өз уәжі бар. "Байқауды және оның қатысушыларын қаралауды көздеп, жалаға толы пост пен тікелей эфирдің жариялануына байланысты биылғы финалист Диана Тәшімбетованы Қазақстан "Әлем аруы-2022" атағынан айырамыз. Диананың сөздері тек ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестерін ғана емес, сонымен қатар байқаудың басқа қатысушыларын да негізсіз қаралауды көздейді", - дейді ұйымдастырушы комитет. Комитеттің айтуынша, Диана Тәшімбетованың әрекеті басқаларға деген үлкен құрметсіздік және өзгелердің еңбегін жоққа шығару. "Қарапайым қыздардың танымал болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасай отырып, ұйымдастыру комитеті үлкен іс атқарып қана қоймай, басқа мүшелер мен серіктестер алдында толық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деп мәлімдеді "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті. Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан аруы - 2022" 19 қарашада Алматыда өтті. 23 арудың ішінен Диана Тәшімбетова бас жүлдені жеңіп алған болатын. "Сұлу Диана Тәшімбетова Қазақстан атынан "Әлем аруы" әлемдік сұлулық байқауына барады. Байқау финалистерінің қатарында дарынымен және қайталанбас сұлулығымен ерекшеленетін Диана "Әлем аруы" байқауында елімізді таныстыру мүмкіндігіне сенімді түрде лайық болды. Дианаға сәттілік, жеңістер және жағымды ұмытылмас сәттер тілейміз", - деп жазған болатын Miss Kazakhstan әлеуметтік желідегі парақшасында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29476588_91:0:2820:2047_1920x0_80_0_0_6ddd052ba1b5fa04d49f7237eca542d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан аруы
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы "Әлем аруы Қазақстан-2022" атағынан айырды. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми мәлімдемесінде айтылған.
"Қазақстан аруы - 2022" финалисі Диана Тәшімбетова сұлулық конкурсының ұйымдастырушыларына шағымданған.
"Ұйымдастырушылар Жаңа Орлеанда өтетін 71-ші "Әлем ауруы" байқауына қатысасың деп ресми жариялап алды. Негізі уақыт өте тығыз, бірақ ұйымдастырушылар соны біле тұрып, мені үлгереміз деп сендірді. Олар тіпті "Уайымдамаңыздар, аз уақытта "Қазақстан аруы" байқауына да үлгердік" деді. Егер бізде уақыт аз болса не үшін Қазақстан атынан байқауға қатысуға тіркелдік? Не үшін missuniverse бейнетүсіріліміне түстік? Бізді ұятты жағдайға қалдырып қажеті не?", - деп жазды Диана Тәшімбетова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бойжеткен парақшасында "Қазақстан атынан "Әлем аруы" сұлулық байқауына қатыспайтынын, себебі "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті тарапынан қаржыландыру болмағанын мәлімдеген.
Ал ұйымдастырушы комитеттің бұған айтар өз уәжі бар.
"Байқауды және оның қатысушыларын қаралауды көздеп, жалаға толы пост пен тікелей эфирдің жариялануына байланысты биылғы финалист Диана Тәшімбетованы Қазақстан "Әлем аруы-2022" атағынан айырамыз. Диананың сөздері тек ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестерін ғана емес, сонымен қатар байқаудың басқа қатысушыларын да негізсіз қаралауды көздейді", - дейді ұйымдастырушы комитет.
Комитеттің айтуынша, Диана Тәшімбетованың әрекеті басқаларға деген үлкен құрметсіздік және өзгелердің еңбегін жоққа шығару.
"Қарапайым қыздардың танымал болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасай отырып, ұйымдастыру комитеті үлкен іс атқарып қана қоймай, басқа мүшелер мен серіктестер алдында толық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деп мәлімдеді "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан аруы - 2022" 19 қарашада Алматыда өтті. 23 арудың ішінен Диана Тәшімбетова бас жүлдені жеңіп алған болатын.
"Сұлу Диана Тәшімбетова Қазақстан атынан "Әлем аруы" әлемдік сұлулық байқауына барады.
Байқау финалистерінің қатарында дарынымен және қайталанбас сұлулығымен ерекшеленетін Диана "Әлем аруы" байқауында елімізді таныстыру мүмкіндігіне сенімді түрде лайық болды. Дианаға сәттілік, жеңістер және жағымды ұмытылмас сәттер тілейміз", - деп жазған болатын Miss Kazakhstan әлеуметтік желідегі парақшасында.