https://sputnik.kz/20221230/bibisara-asaubaeva-blits-shakhmattan-qatarynan-2-durkin-alem-chempiony-atandy-30786921.html
Қазақстандық шахматшы Бибісара Аусабаева екінші мәрте блицтен әлем чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Аусабаева екінші мәрте блицтен әлем чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Алматыдағы Әлем чемпионаты Бибісара Асаубаева мен Магнус Карлсеннің бенефисімен аяқталды 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T18:23+0500
2022-12-30T18:23+0500
2022-12-30T18:25+0500
шахмат
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30786064_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d5765049fa3913b1c623e4910ec49f17.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-іне қол жеткізді. Айта кетейік, былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған. "Бүгін 2-рет әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Былтыр өте сенімді ойын көрсетіп, топ жардым. Алайда биыл сондай жақсы қарқын көрсете алмадым. Қазір отбасыммен біраз уақыт бірге болып, демалғым келеді", - деп айтты Бибісара баспасөз жиынында. Ал ерлер арасында норвегиялық Магнус Карлсен Алматыдағы 2-алтынын мойнына тақты. Айта кетейік, 2 күн бұрын шахматтың рапид түрінен қытайлық Тань Чжунъи жеңімпаз атанса, оған тай-брейкте есе жіберген Динара Сәдуақасова күміс медальге ие болды. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шридің еншісінде кетті. Ерлер арасында Алматыда норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер шахматшы табылмады. Ол 13 турдан кейін 10 ұпай жинап, рапидтен 4 дүркін Әлем чемпионына айналды (2014, 2015, 2019 бен 2022 жылы). Германиялық Винсент Кеймер күміс, америкалық Фабиано Каруана қолаға қол жеткізді. Жалпы Алматыдағы ақыл-ой аламанына 50-ден астам елдің таңдаулы ойыншылары келді. Биылғы чемпионаттың жүлде қоры – $1 млн. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. Барлық нәтижені Worldrapidandblitz2022.fide сайтынан көре аласыздар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30786064_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3656fef751ae913c118d5ff23d1d60e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат
Қазақстандық шахматшы Бибісара Аусабаева екінші мәрте блицтен әлем чемпионы атанды
18:23 30.12.2022 (жаңартылды: 18:25 30.12.2022) Алматыдағы Әлем чемпионаты Бибісара Асаубаева мен Магнус Карлсеннің бенефисімен аяқталды
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мереке қарсаңыздағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-іне қол жеткізді.
Айта кетейік, былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған. "
Бүгін 2-рет әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Былтыр өте сенімді ойын көрсетіп, топ жардым. Алайда биыл сондай жақсы қарқын көрсете алмадым. Қазір отбасыммен біраз уақыт бірге болып, демалғым келеді", - деп айтты Бибісара баспасөз жиынында.
Ал ерлер арасында норвегиялық Магнус Карлсен Алматыдағы 2-алтынын мойнына тақты. Айта кетейік, 2 күн бұрын шахматтың рапид түрінен қытайлық Тань Чжунъи жеңімпаз атанса, оған тай-брейкте есе жіберген Динара Сәдуақасова күміс медальге ие болды. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шридің еншісінде кетті. Ерлер арасында Алматыда норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер шахматшы табылмады. Ол 13 турдан кейін 10 ұпай жинап, рапидтен 4 дүркін Әлем чемпионына айналды (2014, 2015, 2019 бен 2022 жылы).
Германиялық Винсент Кеймер күміс, америкалық Фабиано Каруана қолаға қол жеткізді. Жалпы Алматыдағы ақыл-ой аламанына 50-ден астам елдің таңдаулы ойыншылары келді. Биылғы чемпионаттың жүлде қоры – $1 млн.
Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті. Барлық нәтижені Worldrapidandblitz2022.fide сайтынан көре аласыздар.