https://sputnik.kz/20221230/ayelderdin-qansha-protsenti-zhumys-ornynda-zorlyq-zombylyq-pen-qudalauga-tap-bolady--30778589.html
Әйелдердің қанша проценті жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болады
Әйелдердің қанша проценті жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалаудың деңгейі... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T21:53+0500
2022-12-30T21:53+0500
2023-08-09T10:12+0500
зорлық-зомбылық
әйел
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_baec0c8041b7ee92db4c02f6f8deb306.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалаудың деңгейі мен негізгі себептеріне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Зерттеу барысында 1340 әйел мен 208 ұйым басшыларына социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің шамамен 13% - і жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалау фактілеріне тап болғанын айтқан, ал жұмыс берушілердің 10%-не зардап шеккен әйелдерден өтініш түскен. Сауалнама барысында физикалық зорлық-зомбылық фактілері туралы айтылмаған. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің ішінде әйелдер жағымсыз жанасуды, флирт, кездесуді, сүйісуге тырысуды (17%), жыныстық тақырыптағы орынсыз әзілдерді (16%), сексуалдық сипаттағы түсініктемелер мен қимылдарды (16%) атап өткен. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің үштен екісінің айтуынша, бұл мінез-құлық негізінен басшылар тарапынан болған. Қалғандары әріптестері мен клиенттерін қорлаушы ретінде атап өтті, оны жұмыс берушілер де растады. Бұл әсіресе шағын және орта бизнесте және тамақтану қызметі мен сауда саласында орын алады. Естеріңізге сала кетейік, "Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы" халықаралық еңбек ұйымының 190 Конвенциясы 2019 жылғы 21 маусымда Халықаралық еңбек ұйымының 108-ші сессиясында қабылданды. Конвенция еңбек саласындағы, оның ішінде гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық пен қудалауды тоқтатуға арналған алғашқы халықаралық шарт болды. Еңбекмині жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою бойынша ұсыныстар әзірледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/149/38/1493898_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_7a437252d237ebaa27391b3257a3a0a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, әйел
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалаудың деңгейі мен негізгі себептеріне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Зерттеу барысында 1340 әйел мен 208 ұйым басшыларына социологиялық сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқан әйелдердің шамамен 13% - і жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен қудалау фактілеріне тап болғанын айтқан, ал жұмыс берушілердің 10%-не зардап шеккен әйелдерден өтініш түскен.
Сауалнама барысында физикалық зорлық-зомбылық фактілері туралы айтылмаған. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің ішінде әйелдер жағымсыз жанасуды, флирт, кездесуді, сүйісуге тырысуды (17%), жыныстық тақырыптағы орынсыз әзілдерді (16%), сексуалдық сипаттағы түсініктемелер мен қимылдарды (16%) атап өткен.
Сауалнамаға қатысқан әйелдердің үштен екісінің айтуынша, бұл мінез-құлық негізінен басшылар тарапынан болған. Қалғандары әріптестері мен клиенттерін қорлаушы ретінде атап өтті, оны жұмыс берушілер де растады. Бұл әсіресе шағын және орта бизнесте және тамақтану қызметі мен сауда саласында орын алады.
"Жұмыс берушілер арасында корпоративтік этика кодекстерінің мазмұнына жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалаудың алдын алуға бағытталған аспектілерді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып жатыр. Бұл бағытта жұмысшылардың құқықтарын қорғау міндеттеріне кіретін кәсіподақ ұйымдарының белсенді қатысуымен айтарлықтай тиімділік күтіледі", - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Естеріңізге сала кетейік, "Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы" халықаралық еңбек ұйымының 190 Конвенциясы 2019 жылғы 21 маусымда Халықаралық еңбек ұйымының 108-ші сессиясында қабылданды.
Конвенция еңбек саласындағы, оның ішінде гендерлік негіздегі зорлық-зомбылық пен қудалауды тоқтатуға арналған алғашқы халықаралық шарт болды. Еңбекмині жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою бойынша ұсыныстар әзірледі.