Автогаздың бағасына қатысты ресми ақпарат жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневЗаправочный шланг в бензобаке автомобиля
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау агенттігі сұйытылған газдың бағасын мемлекеттік реттеу шаралары тағы жарты жылға ұзартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
29 желтоқсанында күшіне енген бұйрыққа сәйкес, 2023 жылдың 30 маусымына автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге баға жағынан уақытша мемлекеттік реттеу ұзартылады.
Бұған дейін шекті бағалардың мерзімі 1 қаңтарға дейін болған. Мемлекеттік реттеу аясында республикадағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газының бөлшек саудасы литрі үшін 50-75 теңге құрайды.
Шекті баға әрбір аймақта әртүрлі:
Астана – литріне 70 теңге;
Алматы – литріне 65 теңге;
Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау облыстары - литріне 50-55 теңге;
Ақмола, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу мен Ұлытау облыстары – литріне 70-75 теңге;
Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан мен Абай облыстары – литріне 60-65 теңге.
Жаңалықтар
0