https://sputnik.kz/20221230/antikor-qaztemirtransty-tekserdi-30771620.html
Бір ғана филиал басшысы 70 млн пайда тапқан: "ҚазТемірТранс" қызметкерлері қамауға алынды
Бір ғана филиал басшысы 70 млн пайда тапқан: "ҚазТемірТранс" қызметкерлері қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. "ҚазТемірТранс" лауазымды тұлғаларының заңсыз баюының қылмыстық схемасы ашылып жолы кесілді, деп хабарлайды сыбайлас... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T11:08+0500
2022-12-30T11:08+0500
2023-08-09T12:45+0500
лауазымды тұлғалар
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. "ҚазТемірТранс" лауазымды тұлғаларының заңсыз баюының қылмыстық схемасы ашылып жолы кесілді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Бұл ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны, жүк вагон паркінің ірі операторы.Өңірлік филиалдардың лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайда тапшылықты қолдан жасап, заңсыз әрекеттерге жол берген. Мәселені шешудің орнына, пайдаға кенелудің амалын жасаған. Жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып тұрған. Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшесінің менеджерлері мен басшылары қатысқан. Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған. Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған. Ақшаның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы ойынханаларға жұмсаған. Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінді. Пара алғандардың барлығы ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшаны заңсыз алған Қызылорда филиалының басшысы мен орталық аппараттың бірқатар қызметкерінің заңсыз әрекеті әшкереленді. Басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатыр. Айта кетері, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар пара беру арқылы мәселені шешуге мәжбүр болған. Жемқорлықтың салдарынан жүк тасымалындағы шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әкеп соққан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
лауазымды тұлғалар, сыбайлас жемқорлық
лауазымды тұлғалар, сыбайлас жемқорлық
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. "ҚазТемірТранс" лауазымды тұлғаларының заңсыз баюының қылмыстық схемасы ашылып жолы кесілді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бұл ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны, жүк вагон паркінің ірі операторы.
Өңірлік филиалдардың лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайда тапшылықты қолдан жасап, заңсыз әрекеттерге жол берген.
Мәселені шешудің орнына, пайдаға кенелудің амалын жасаған. Жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып тұрған. Тұрақты пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшесінің менеджерлері мен басшылары қатысқан.
Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған.
Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған. Ақшаның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы ойынханаларға жұмсаған. Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінді.
Пара алғандардың барлығы ұсталды және тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
Сондай-ақ ақшаны заңсыз алған Қызылорда филиалының басшысы мен орталық аппараттың бірқатар қызметкерінің заңсыз әрекеті әшкереленді. Басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатыр.
Айта кетері, жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар пара беру арқылы мәселені шешуге мәжбүр болған. Жемқорлықтың салдарынан жүк тасымалындағы шығындардың барлығы тауарлар бағасының өсуіне әкеп соққан.