https://sputnik.kz/20221230/2022-zhyl-bir-minuttyq-videoda--qazaqstan-qalay-ozgerdi-30778919.html
2022 жыл бір минуттық видеода – Қазақстан қалай өзгерді
2022 жыл бір минуттық видеода – Қазақстан қалай өзгерді
Sputnik Қазақстан
2022 жыл Қазақстан тарихына ең ауыр жылдардың бірі ретінде енетіні сөзсіз. Жаңа жылдық демалыстар аяқталмай жатып, батыста газ бағасына қарсы наразылықтар... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T14:25+0500
2022-12-30T14:25+0500
2022-12-30T15:41+0500
видео
қазақстан
өзгерістер
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30778725_0:31:600:369_1920x0_80_0_0_c4274b28120146a138689b7560f73c68.jpg
Артынан жаңаөзендіктер үшін алаңдаған жұрт басқа аймақтарда жиналды. Бейбіт жиындар жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Алматы отқа оранды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабырға шақырып, бірнеше рет үндеу жолдады. Елде төтенше жағдай енгізілді. Интернет өшірілді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйының әскерін кіргізуге тура келді. Қаңтар оқиғасы кезінде көп адам қайтыс болды. Алматыда түсірілген видеолар әлемді шарлап кетті. Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев олигополия мен суперпрезиденттік биліктен бас тарту шараларын үдетті. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, жалпыхалықтық референдумға шығарылды. Ата заңнан Назарбаевтың өкілеттілігі мен мәртебесіне қатысты нормалар алынып тасталды. "Нұр Отан" партиясының атауы өзгерді. Мемлекет басшысына партияны басқаруға тыйым салынды. Қазақстанда президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Дәл осындай шартпен Тоқаев жаңа мерзімге сайланды. Биыл Қостанай облысындағы орман өрті мен Екібастұздағы апат та үлкен проблеманың бар екенін көрсетті. Халық жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін түсінді. Халық Сәбит Шонтақбаев және тағы басқа бейбіт күннің батырлары көрсеткен ерлік істерге тәнті болды. Үш жаңа облыстың құрылуына қуанды. 2022 жылы болған негізгі оқиғаларды Sputnik Қазақстан әзірлеген бір минуттық видеодан көруге болады.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30778725_34:0:567:400_1920x0_80_0_0_54556b9664ba5ddb34f4ef9c0627e3db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзгерістер, видео
қазақстан, өзгерістер, видео
2022 жыл бір минуттық видеода – Қазақстан қалай өзгерді
14:25 30.12.2022 (жаңартылды: 15:41 30.12.2022) 2022 жыл Қазақстан тарихына ең ауыр жылдардың бірі ретінде енетіні сөзсіз. Жаңа жылдық демалыстар аяқталмай жатып, батыста газ бағасына қарсы наразылықтар басталды
Артынан жаңаөзендіктер үшін алаңдаған жұрт басқа аймақтарда жиналды. Бейбіт жиындар жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Алматы отқа оранды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сабырға шақырып, бірнеше рет үндеу жолдады.
Елде төтенше жағдай енгізілді. Интернет өшірілді. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйының әскерін кіргізуге тура келді. Қаңтар оқиғасы кезінде көп адам қайтыс болды. Алматыда түсірілген видеолар әлемді шарлап кетті.
Қаңтар оқиғасынан кейін Тоқаев олигополия мен суперпрезиденттік биліктен бас тарту шараларын үдетті. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, жалпыхалықтық референдумға шығарылды. Ата заңнан Назарбаевтың өкілеттілігі мен мәртебесіне қатысты нормалар алынып тасталды.
"Нұр Отан" партиясының атауы өзгерді. Мемлекет басшысына партияны басқаруға тыйым салынды. Қазақстанда президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Дәл осындай шартпен Тоқаев жаңа мерзімге сайланды.
Биыл Қостанай облысындағы орман өрті мен Екібастұздағы апат та үлкен проблеманың бар екенін көрсетті. Халық жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін түсінді.
Халық Сәбит Шонтақбаев және тағы басқа бейбіт күннің батырлары көрсеткен ерлік істерге тәнті болды. Үш жаңа облыстың құрылуына қуанды.
2022 жылы болған негізгі оқиғаларды
Sputnik Қазақстан әзірлеген бір минуттық видеодан көруге болады.