Тоқаев шахматтан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен Сәдуақасованы құттықтады

© пресс-служба акима АлматыШахмат
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Динара Сәдуақасованы құттықтады.

Шахматгшы қыз Алматыда өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс медаль иеленген болатын.

"Мемлекет басшысы Қазақстан шахматшыларының әлем чемпионатындағы жетістіктері еліміз үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтті. Оның айтуынша, спортшыларымыздың халықаралық турнирлердегі әрбір жеңісі осы спорт түрімен айналысатын жастарды қанаттандырады және бұл Қазақстан шахмат мектебінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді", - делінген Ақорда ақпаратында.

Президент дарынды шахматшыға талмай еңбек етіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Алматыда өтіп жатқан әлемдік сайыста жоғары нәтиже көрсеткен Жансая Әбдімәлікке де ізгі тілегін жолдады.
Казахстанская шахматистка Жансая Абдумалик - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2022
Спорт
Жансая Әбдімәлік мерзімінен бұрын шахмат Бундеслигасының чемпионы атанды
Жаңалықтар
0