Санкт-Петербургте Hyundai Қазақстанға экспортталатын көлік шанағы өндірісін іске қосты

© Pixabay / Hyundai
Hyundai - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Санкт-Петербургтегі Hyundai зауыты ("Хендэ Мотор Мануфактуринг Рус") Қазақстанға экспорттау үшін шанақ өндірісін іске қосты, деп хабарлайды "Ведомости" газеті.

"Санкт-Петербургтегі Hyundai Motor Manufacturing Rus (HMMR) тоқтап тұрған зауыты Hyundai Solaris бөлшектерін штамптауды, дәнекерлеуді және бояуды бастады. Бірақ бұл шанақтар Ресейге арналмаған. Оларды кореялық компания Алматыдағы зауытқа машинала жинау үшін жібереді", - деп газетте кәсіпорынның қызметімен таныс екі дереккөздің пікірі жазылған.

Сондай-ақ газетте сұхбат берушілердің бірінің айтуынша, жақында Санкт-Петербургте шанақ жасау желісі қайта іске қосылды. Газетте кәсіпорын Hyundai Creta кроссоверінің корпусын шығаруды да жоспарлап отыр деп жазылған.
Бұрын хабарланғандай, Hyundai наурыз айынан бастап Санкт-Петербургтегі құрастыру желілерін тоқтатты, Украина мен Ресей соғысына байланысты.
Hyundai Motor Company Санкт-Петербургте 2010 жылдың қыркүйегінде зауытты іске қосқан болатын. Зауыт Hyundai Solaris, Kia Rio, Kia Rio X-Line модельдерін және Hyundai Creta кроссоверін шығарды.
Жаңалықтар
0