https://sputnik.kz/20221229/qazaqstan-khalqyna-qory-su-tasqyny-30730119.html
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салып берді
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлер салып берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын және Жақсыбай ауылдарының тұрғындары жаңа үйлерге... 29.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-29T08:58+0500
2022-12-29T08:58+0500
2022-12-29T08:58+0500
қоғам
су тасқыны
үйлер
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1c/30722307_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8afc237435c0a99cd8c0a6fdcc449f97.jpg
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын және Жақсыбай ауылдарының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстанды.30 үйдің құрылысына жұмсалған 771,9 млн теңгені "Қазақстан халқына" қоры бөлген.Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 23 бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үй және Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында 7 (3 екі пәтерлі және 1 бір пәтерлі) тұрғын үй салынды. Пәтерлерді тапсыруға қарай тұрғындарды қоныстандыру кезең-кезеңмен жүргізілді."Бүгінде тұрғындар жаңа үйлерге қоныстанды. Пәтерлерге жарық, газ, су мен санитарлық торап жүргізілген", - деді қор.Еске салсақ, биыл сәуір айында БҚО-да бірнеше елдімекенді су басып, үйлер су астында қалды. Олардың бір бөлігі тұруға жарамсыз болып шықты.Қордың ақпаратынша, 21 шілдеде оларға БҚО әкімінің орынбасарынан үй құрылысы үшін қаражат бөлуге жәрдемдесу туралы өтініш түскен. Облыс әкімдігі қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін, 8 тамызда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі үйлердің құрылысы үшін қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Құрылыс барысын облыс әкімдігі бақылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1c/30722307_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_b2f06593d1245e893da109019b0c7067.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, үйлер
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Шалғын және Жақсыбай ауылдарының тұрғындары жаңа үйлерге қоныстанды.
30 үйдің құрылысына жұмсалған 771,9 млн теңгені "Қазақстан халқына" қоры бөлген.
Қаратөбе ауданы Шалғын ауылында 23 бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үй және Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында 7 (3 екі пәтерлі және 1 бір пәтерлі) тұрғын үй салынды. Пәтерлерді тапсыруға қарай тұрғындарды қоныстандыру кезең-кезеңмен жүргізілді.
"Бүгінде тұрғындар жаңа үйлерге қоныстанды. Пәтерлерге жарық, газ, су мен санитарлық торап жүргізілген", - деді қор.
Еске салсақ, биыл сәуір айында БҚО-да бірнеше елдімекенді су басып, үйлер су астында қалды. Олардың бір бөлігі тұруға жарамсыз болып шықты.
Қордың ақпаратынша, 21 шілдеде оларға БҚО әкімінің орынбасарынан үй құрылысы үшін қаражат бөлуге жәрдемдесу туралы өтініш түскен. Облыс әкімдігі қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін, 8 тамызда "Қазақстан халқына" қорының Қамқоршылық кеңесі үйлердің құрылысы үшін қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Құрылыс барысын облыс әкімдігі бақылады.