Президент Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанның Қорғаныс саласында бірқатар тағайындау болды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;
Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;
Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Жаңалықтар
0