Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

© Sputnik / Абзал КалиевАвтобусы развозят бесплатно астанчан после тарауих намаза в первый день месяца Рамазан
Автобусы развозят бесплатно астанчан после тарауих намаза в первый день месяца Рамазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 29 желтоқсан - Sputnik. "City Transportation Systems" ЖШС мереке күндері Астана қаласында қоғамдық көліктің жүру кестесін жариялады.
Көліктік қызмет көрсетудің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі төмендегідей жүретін болады:

2023 жылғы 1 қаңтар – жексенбі күнінің кестесі:
Барлық қалалық және қала маңындағы №№303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 бағдарларының шығуы таңертеңгі 10:00-ға дейін бекітілген кестеге сәйкес 1 кесте сайын, одан әрі штат кестесі бойынша жүзеге асырылады.
Қала маңындағы №№302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 бағдарлар таңғы сағат 10.00 бастап линияға шығады. Шығуы жексенбі күнінің штат кестесі бойынша жүзеге асырылады.
2023 жылғы 2 және 3 қаңтар – жексенбі күнінің кестесі:

Кейінгі күндері қоғамдық көлік жұмысы қолданыстағы қозғалыс кестесіне сәйкес штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.
Жаңалықтар
0