Астанада ер адам танысының қымбат көлігін өртеп жіберді

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Астанада ер адам таныс әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңертең сағат 05.50-де полицияға Hyundai Tucson автокөлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Көлік Күйши Дина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған.
Полицейлер 42 жастағы ер адамды мас күйінде көліктің жанынан ұстады. Оқиға екеуара жанжалдың салдарынан болған. Таныс әйеліне ашуланған ер адам қолайлы сәтті күткен. Түнде танысының ауласына келіп, көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген.
Жәбірленушіге 19 млн теңге көлемінде мүліктік шығын келтірілді. Өрт сөндірушілер өртті тоқтатты.
Бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0