Арыс қаласының кеңсе тазалаушысы қымбат көлік ұтып алды

© Күнсұлу Өтегенованың архивынанАрыс қаласының кеңсе тазалаушысы Bentleу ұтып алды
Арыс қаласының кеңсе тазалаушысы Bentleу ұтып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Арыс қаласының тұрғыны Күнсұлу Өтегенова ұтыс ойынынан Bentley көлігін ұтып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күнсұлу Өтегенова - көпбалалы ана. Әкімдікте тазалаушы болып еңбек етеді. Таудай талапты емес бармақтай бақты місе тұтқан жан.
"Әлеуметтік желідегі ойынға жалпы бұрыннан қатысамын. Бұл блогерлердің ұйымдастыратын ойыны. Ешқандай ақша тікпейсің, ойынның шарты бойынша блогерге жазылып, тек пікір қалдырып, өзге адамдарды белгілейсің", - дейді Күнсұлу Өтегенова.
Ойын түнгі 11:30 ойнатылған. 18 млн адам қатысқан ұтыс ойынында Күнсұлудың бағы жанған. Ұйымдастырушылар бірден байланысқа шығып, ұтыс иесін құттықтаған. "Мен қазір Алматыдамын. Көлігімді алдым, міне номерін сатып алдым. Әрине қуанышымда шек жоқ", - дейді алты баланың анасы
Жаңалықтар
0