Ақтөбеде төрт жасар бала екі күннен бері іздестіріліп жатыр

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. 28 желтоқсанда Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туылған кәмелетке толмаған Ахунов Данил Артурович жоғалып кетті.
Баланы іздеуге полицияның кешенді күштерінің жасақтары, ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен еріктілер тартылды.
Қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман екпелері және жақын маңдағы су айдындары тексеріледі. Сүңгуірлер кәріз құдықтарын тексерді.
Белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті.
Киімі: капюшоны бар қызғылт сары түсті күрте, ашық-көк түсті тоқылған бас киім, көк түсті күдері аяқ киім.
"Қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз", деп хабарлады полициядағылар.
Жаңалықтар
0