Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области архив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан - Sputnik. Мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік кестесі туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлімет берді.
Кестеге сәйкес: 31 желтоқсанда қоғамдық көлік штаттық режимде сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
1 қаңтарда желіге метро құрамының тек 50%-і шығарылады.
2 және 3 қаңтарда қоғамдық көлік мерекелік күн кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.
Желіде автобустар мен троллейбустардың 70% - і болады.
Ал түнде 23.00-ден 06.00-ге дейін 3-маршрут кестесі өзгеріссіз қалады, яғни қоғамдық көліктер түнде де жүреді.
Айта кету керек, демалыс күндері "Медеу" биік таулы мұз айдыны бағытында жүретін және сағат 00:30-ға дейін жұмыс істейтін 12-маршрутта 20 автобус қатынайтын болады.
Алматы метрополитені 12-15 минут қозғалыс аралығымен мерекелік күн кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Жаңалықтар
0