https://sputnik.kz/20221228/qoshanov-nazarbaevty-qorgaytyn-zannyn-kushi-30700507.html
Қошанов Назарбаевты қорғайтын заңның күші қашан жойылатынын айтты - видео
Қошанов Назарбаевты қорғайтын заңның күші қашан жойылатынын айтты - видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы келесі жылы парламент... 28.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-28T12:20+0500
2022-12-28T12:20+0500
2022-12-28T13:33+0500
ерлан қошанов
назарбаев
заң
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029312_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_dc2112fd55f1e89a27db61cf6a4b4b7e.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы келесі жылы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қошанов Елбасы туралы заңның күші толығымен жойылатынын атап өтті. Айтуынша, Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады. "Бірақ бірінші президентке де, болашақ президентке де енді экс-президенттер туралы нормалар қолданылады", - деп нақтылады мәжіліс спикері. Осы орайда журналистер "Заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаевтың кінәсі дәлелденсе, оны қылмыстық жауапқа тартуға бола ма?" деп сұрады. "Оның барлық иммунитеті осы заңда қарастырылған. Егер ол күшін жойса, олар да күшінде болмайды", - деп жауап берді Қошанов. Айта кетері, бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заң жобасын қарауға қабылдады. Заң жобасы республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Конституциялық заң күшін жойса, Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады.Алайда Қошановтың сөзіне сүйенсек, Назарбаевқа экс-президенттерге қатысты норма қолданылады. "Қазақстан президентi туралы" Конституциялық заңының 34-бабы 4-тармағы бойынша Республиканың экс-президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Экс-президенттің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады. Ал 36-бапта экс-президенттер құқықтарының кепiлдiктерi туралы норма бар.Оған сәйкес, республиканың экс-президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң республика президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi. Сондай-ақ экс-президентті қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi. Президенттің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан экс-президентінің меншігінде болады.
https://sputnik.kz/20220919/khalyq-qalasa-nazarbaevtyn-atyn-koshe-men-gimarattan-alyp-tastay-alady--ministr-27700168.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029312_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_20320055c6370e3658db6362b6b13cb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов, назарбаев, заң
ерлан қошанов, назарбаев, заң
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы Конституциялық заң жобасы келесі жылы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қошанов Елбасы туралы заңның күші толығымен жойылатынын атап өтті.
"Келесі жылдың басында болады. Бұл Конституциялық заң екенін білесіздер. Ал Конституциялық заңдар енді парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылады, сол жерде бұл мәселе қаралады", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады.
"Бірақ бірінші президентке де, болашақ президентке де енді экс-президенттер туралы нормалар қолданылады", - деп нақтылады мәжіліс спикері.
Осы орайда журналистер "Заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаевтың кінәсі дәлелденсе, оны қылмыстық жауапқа тартуға бола ма?" деп сұрады.
"Оның барлық иммунитеті осы заңда қарастырылған. Егер ол күшін жойса, олар да күшінде болмайды", - деп жауап берді Қошанов.
Айта кетері, бүгін мәжіліс "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заң жобасын қарауға қабылдады.
Заң жобасы республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленген болатын. Конституциялық заң күшін жойса, Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады.
Алайда Қошановтың сөзіне сүйенсек, Назарбаевқа экс-президенттерге қатысты норма қолданылады.
"Қазақстан президентi туралы" Конституциялық заңының 34-бабы 4-тармағы бойынша Республиканың экс-президентiне, оның абырой мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Экс-президенттің абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғушылық заң бойынша қудаланады. Ал 36-бапта экс-президенттер құқықтарының кепiлдiктерi туралы норма бар.
Оған сәйкес, республиканың экс-президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң республика президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi.
Сондай-ақ экс-президентті қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады. Қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi.
Президенттің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан экс-президентінің меншігінде болады.