Қар, көктайғақ, жел: синоптиктер 29 желтоқсандағы ауа райын болжады

© Sputnik / Ramil Sitdikov / Медиабанкке өтуЛюди гуляют в заснеженном Александровском саду
Люди гуляют в заснеженном Александровском саду - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 желтоқсан - Sputnik. Қазгидромет 29 желтоқсандағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.
Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Тек елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, елдің батысы мен оңтүстігінде көктайғақ, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді деп күтілуде.
Жаңалықтар
0