Мемлекет басшысы бірқатар елмен ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елмен келісімдерді ратификациялау туралы заңғы қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар президент "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.
Жаңалықтар
0