Елорда тынысы

Астаналық мәслихат өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің атымен аталатын көшені бекітті

© Photo : МЧС КазахстанаАскар Забикулин
Аскар Забикулин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Елордалық мәслихаттың депутаттары қызмет барысында қаза болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің құрметіне берілетін көшені бекітті.

"Мемлекет басшысы Астана қаласындағы тұрғын үйде болған өрт кезінде бірнеше адамның өмірін ажалдан арашалап, өзін құрбан еткен Асқар Забикулиннің құрметіне көше атауын беру туралы тапсырма берген. "Үркер" шағын ауданындағы е-583 көшесін өрт сөндірушінің құрметіне атау туралы ұсыныс енгізілді", - дейді қалалық тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Спикер бірнеше нұсқаның ішінен ономастикалық комиссия неліктен осы көшені таңдағанын түсіндірді.
"Бірнеше нұсқа болды. Алайда олар қызмет барысында қаза тапқан Саят Әбеев, Ғазиз Байтасовтың құрметіне берілген көшелердің жанында болды", - дейді ол.
Еске салсақ, 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 мекенжайында өрт шықты.
Өрт сөндірушілер Асқар Забикулин мен Аян Кемпіров өз өмірін қатерге тігіп, отқа оранған және көрші пәтерлерден бес адамды құтқарды. Он адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Өрт сөндірушілердің денесі күйіп, Асқар Забикулин ауруханада қайтыс болды.
Жаңалықтар
0