Елорда тынысы

Астанада жаңа аудан қалай аталады - шешім шықты

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столицы
Виды столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Астанада қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында жаңа ауданның атауы бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, осы айдың басында ономастикалық комиссияның отырысында барлық ұсыныс қаралып, қаланың бесінші ауданына "Нұра" атауын беруге шешім шығарылды.
"Нұра" деген біздің тарихымызда, географиямызда маңызды өзендердің бірі, географиялық атау. Бұрын Есіл мен Нұра бізде қос өзен деп аталған. Біз осы бір символдық мәселені қарастырып, сол жағалауда Қабанбай даңғылының бір жағында Есіл, бір жағында Нұра ауданы болса, осы бір егіз ұғым ретінде дұрыс болады ғой деген тоқтамға келдік", - деді Есіркеп.
Ономастикалық комиссияда "Қараөткел" деген атау да қарастырылды. Оны да біраз талқылады. Бірақ лингвистер екі дауысты дыбыстың қатар келуі дұрыс емес деп айтты. Ал "Нұра" қысқа әрі нұсқа болды.
Мәслихат депутаттары Астананың бесінші ауданына "Нұра" атауын беру туралы қаулыны қабылдады. Осыдан кейін тиісті құжат республикалық ономастикалық комиссиясына жіберіледі.
Астана митинг - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Видео
Астанада тағы да митинг өтті - видео
Жаңалықтар
0