Сарыағашта жезөкшелікпен айналысқан 26 шетелдік ұсталды

© PhotoНочь, девушка
Ночь, девушка - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жеңгетайлықтың екі дерегі мен 26 жеңіл жүрісті қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысу үшін жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың екі дерегін анықтап, жолын кесті.
Жедел уәкілдер іздестіру іс-шаралары кезінде Сарыағаш қаласында интимдік қызметтерді ұсынғаны үшін ақша алған сауна, хостел әкімшілерін ұстады.
Тергеу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның 5 азаматынан құралған екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды..
Полиция қызметкерлері сауна мен хостелді қарау кезінде ақшалай сыйақы үшін өздерінің интимдік қызметтерін ұсынған Өзбекстан азаматтары болып табылатын 26 жеңіл жүріс қызды анықтап, жеткізді.
Жаңалықтар
0