Қазақстандықтарға мүгедек туыстарына қарағаны үшін жалақы төленеді

© Photo : Steve BuissinneИнвалид
Инвалид - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек адамға қызмет көрсету ісіне отбасы мүшелерін барынша тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Тамара Дүйсенованың айтуынша, отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімделеді.
"Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша отбасының еңбек жасындағы жұмыссыз мүшелері қызметке орналасады. Сөйтіп әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен толық қамтылады", - деді Дүйсенова үкімет отырысында.
Сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту көзделіп отыр.
Әлеуметтік жұмысқа тек тәуелсіз бағалау арқылы біліктілігін дәлелдеген және сертификаты бар мамандар ғана жіберіледі.
Жаңалықтар
0