https://sputnik.kz/20221227/qazaqstanda-1-qantardan-bastap-barlyq-aleumettik-tolem-proaktivti-formatta-tolenedi-30665140.html
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем проактивті форматта төленеді
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем проактивті форматта төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы еңбек... 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T11:26+0500
2022-12-27T11:26+0500
2022-12-27T11:26+0500
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_c057ccc1f916be84f52fbbd31d9dcd54.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік қызметті проактивті форматқа өзгерту үшін "Отбасының цифрлық картасы" өте маңызды екенін атап өтті. Ол цифрлық карта 1 қаңтардан бастап бүкіл өңірде жұмыс істей ме деп сұрады. Смайылов "Отбасының цифрлық картасының" пилоттық нұсқасы қыркүйектен бері бірқатар қызмет бойынша жұмыс істеп тұрғанын және қазірдің өзінде тиімділігін көрсеткенін атап өтті. "Әлеуметтік қолдау алу қажеттілігі Цифрлық карта аясында ақпараттық жүйе арқылы айқындалады. Яғни, азаматтар тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттің қолдауына ие болады. Мемлекет бұл қажеттілікті өзі анықтайды және барлық рәсімді автоматты түрде жүргізеді", - деді премьер-министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948654_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_39f1ade463d405ae88ee7888f46cff21.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап барлық әлеуметтік төлем проактивті форматта төленеді
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік қызметті проактивті форматқа өзгерту үшін "Отбасының цифрлық картасы" өте маңызды екенін атап өтті. Ол цифрлық карта 1 қаңтардан бастап бүкіл өңірде жұмыс істей ме деп сұрады.
"1 қаңтардан бастап әлеуметтік қорғау саласына қатысты барлық төлем мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта жүргізіле бастайды. Бірақ басқа мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі деректер арқылы көрсетілетін қызметтер интеграциядан кейін кезең-кезеңмен беріледі. Мысалы, соттың шешіміне байланысты көрсетілетін қызметтер, шетелден келген азаматтарға берілетін қызметтер", - деп жауап берді Дүйсенова үкімет отырысында.
Смайылов "Отбасының цифрлық картасының" пилоттық нұсқасы қыркүйектен бері бірқатар қызмет бойынша жұмыс істеп тұрғанын және қазірдің өзінде тиімділігін көрсеткенін атап өтті.
"Әлеуметтік қолдау алу қажеттілігі Цифрлық карта аясында ақпараттық жүйе арқылы айқындалады. Яғни, азаматтар тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттің қолдауына ие болады. Мемлекет бұл қажеттілікті өзі анықтайды және барлық рәсімді автоматты түрде жүргізеді", - деді премьер-министр.