https://sputnik.kz/20221227/pedagogikalyq-universitettin-buryngy-rektory-sottaldy-30665669.html
Педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры сотталды
Педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры сотталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik... 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T11:49+0500
2022-12-27T11:49+0500
2022-12-27T11:49+0500
сот
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_a75c4afc8dc3faf9fbd513c83fad7500.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қарасай аудандық сотының үкімімен университеттің бұрынғы басшысы Гауһар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы филиалының Қарасай жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Қарасай аудандық бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемалді шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Барлығына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандар университетке тиесілі 9 гектар жер учаскесін таныс адамдардың атына ресімдеп, сатып жіберген. Соның салдарынан университетке 95,5 миллион теңге шығын келді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/11/2851142_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e1546a2e7e62ccd162f6130d627bca4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
Педагогикалық университеттің бұрынғы ректоры сотталды
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қарасай аудандық сотының үкімімен университеттің бұрынғы басшысы Гауһар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (Алдамбергенованың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет " мемлекеттік корпорациясы филиалының Қарасай жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Қарасай аудандық бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемалді шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарылды. Барлығына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталғандар университетке тиесілі 9 гектар жер учаскесін таныс адамдардың атына ресімдеп, сатып жіберген. Соның салдарынан университетке 95,5 миллион теңге шығын келді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.