https://sputnik.kz/20221227/pavlodarda-er-adam-satushyny-baylap-25-telefondy-urlap-aketti-30687460.html
Павлодарда ер адам сатушыны байлап, 25 телефонды ұрлап әкетті
Павлодарда ер адам сатушыны байлап, 25 телефонды ұрлап әкетті
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда белгісіз біреу сатушыны байлап, ұялы телефон дүкенінен 25 смартфон мен ірі көлемдегі ақша ұрлап кетті, деп... 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T20:54+0500
2022-12-27T20:54+0500
2022-12-27T20:54+0500
өңірлер
павлодар
телефон
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577820_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_a7ad9eb766962b2c94c5988c75eb0b3a.jpg
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда белгісіз біреу сатушыны байлап, ұялы телефон дүкенінен 25 смартфон мен ірі көлемдегі ақша ұрлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қамзин көшесінің бойындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушы әйелге тап берген. Оны пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап, 25 дана iPhone және жалпы сомасы 305 мың теңгеден астам ақшаны қолды еткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - шамамен 12 миллион теңге.Полицейлер Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемде жасалған тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы бап бойынша кінәлілерді 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған."Осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.
https://sputnik.kz/20210803/telefon-Google-17754618.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/13/16577820_195:0:2926:2048_1920x0_80_0_0_a75d04b53bb18d78becbcabe6104bba8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, телефон
Павлодарда ер адам сатушыны байлап, 25 телефонды ұрлап әкетті
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда белгісіз біреу сатушыны байлап, ұялы телефон дүкенінен 25 смартфон мен ірі көлемдегі ақша ұрлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қамзин көшесінің бойындағы сауда үйлерінің бірінде орналасқан ұялы байланыс салонында белгісіз ер адам сатушы әйелге тап берген. Оны пышақпен қорқытып, қол-аяғын байлап, 25 дана iPhone және жалпы сомасы 305 мың теңгеден астам ақшаны қолды еткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы - шамамен 12 миллион теңге.
Полицейлер Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемде жасалған тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Осы бап бойынша кінәлілерді 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.