https://sputnik.kz/20221227/ministr-zhenildetilgen-avtokredit-zhayly-kezekte-turgandardyn-bari-koligin-alady-30667356.html
Министр жеңілдетілген автокредит жайлы: кезекте тұрғандардың бәрі көлігін алады
Министр жеңілдетілген автокредит жайлы: кезекте тұрғандардың бәрі көлігін алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредит тоқтап қалмай, күн сайын берілуі керек... 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T12:15+0500
2022-12-27T12:15+0500
2022-12-27T12:15+0500
көлік
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838025_0:3:3631:2045_1920x0_80_0_0_db1755311487c9a0f1eb03d5c21fcde9.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредит тоқтап қалмай, күн сайын берілуі керек деп санайды. Бұл туралы ол үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бұрын берілген 100 млрд теңге енді бөлінбейтінін атап өтті. Ол алғашында жеңілдетілген кредит бағдарламасы бойынша 15 мың адам кезекте тұрғанын, соның 13 мыңы көлік алғанын еске салды. Содан кейін қосымша 16 мың адам көлік алуға өтініш берген. Бұл ретте министр кезекте тұрғандардың бәрі қалаған көлігін сатып алатынына сендірді. "Әрине, олар көлігін ала алады. Біз жыл сайын өндіріс көлемін арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығардық. Келесі жылы 120 мың көлік жоспарлаған едік, бірақ одан көбірек шығаратын болдық. 130 мың көлікке дейін жеткіземіз", - деді Өскенбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/10/24838025_450:0:3181:2048_1920x0_80_0_0_3f9a1b1c00eb0067ddbaa0bbd75daa40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, кредит
Министр жеңілдетілген автокредит жайлы: кезекте тұрғандардың бәрі көлігін алады
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокредит тоқтап қалмай, күн сайын берілуі керек деп санайды. Бұл туралы ол үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бұрын берілген 100 млрд теңге енді бөлінбейтінін атап өтті.
"Қазір банктер ақшаны сәл жинап, кредитті кейін береміз деген шешім қабылдады. Әрине, олар өздері біледі. Бұл оларға қатысты бизнес процесс. Бірақ, менің ойымша, күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Жеңілдетілген автокредитті тоқтатпай, халықты да шулатпай, бұл процесс күн сайын жүруі керек", - деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Ол алғашында жеңілдетілген кредит бағдарламасы бойынша 15 мың адам кезекте тұрғанын, соның 13 мыңы көлік алғанын еске салды. Содан кейін қосымша 16 мың адам көлік алуға өтініш берген. Бұл ретте министр кезекте тұрғандардың бәрі қалаған көлігін сатып алатынына сендірді.
"Әрине, олар көлігін ала алады. Біз жыл сайын өндіріс көлемін арттырып жатырмыз. Биыл 110 мың көлік шығардық. Келесі жылы 120 мың көлік жоспарлаған едік, бірақ одан көбірек шығаратын болдық. 130 мың көлікке дейін жеткіземіз", - деді Өскенбаев.