Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО рөлі төңірегінде дау туындады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПредседатель Европейского совета Шарль Мишель
Председатель Европейского совета Шарль Мишель  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель "Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін "тоқтата тұру" механизмін әзірлеу қажет екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Ал Еурокеңес Еурокомиссия және Еуропарламентпен бірге Еуроодақтың негізгі институты болғандықтан, Еуроодақ Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін қарауды бастағалы жатыр деп айтуға негіз бар.
Жалпы, тарихқа жүгінсек, Біріккен Ұлттар Ұйымы рейхті жеңген державалардың (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, сонымен қатар генерал де Голльдің күш-жігерінің арқасында Францияның) бастамасымен құрылды. Сондықтан дәл осы мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесінің вето құқығы бар тұрақты мүшелері ретінде аталған халықаралық ұйымның жоғарғы органына кірді.
Еурокеңес төрағасының пікірінше, Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігін тоқтатуға "Ресейдің халықаралық құқықты бұзуы" негіз болады. Тағы да тарихқа жүгінсек, Еуропадағы халықаралық құқық пен қауіпсіздіктің заманауи құрылымы үш халықаралық конференция кезінде қол қойылған құжаттар негізінде құрылды. Бұл Тегеран – 43, Ялта – 45 және Еуропада соғыс аяқталғаннан кейін Постдам – 45.
Сондықтан бүгінгі әлемдік тәртіптің құрылымы сол жиындарда қалыптасты және Мәскеудің белорустар мен украиндердің нацизмді жоюға қосқан үлесін алға тартып, талап етуі бойынша КСРО-дан бөлек Украина мен Беларусь те БҰҰ-да мүшелікте болды.
Ялта мен Потсдамдағы жиын кезінде әзірленген ережелер құжаттағы сия кеппей жатып-ақ бұзылды. Арада бір жыл өтпей жатып, 1946 жылдың наурызында Батыс КСРО-ға қарсы соғыс жариялады. Сол шақта "диктатура", "шығыстан төнген қатер" туралы көп айтылды.
"Ал іс жүзінде мұның барлығы кеңестік экономиканың дамуына, еді қалпына келтіруге мүмкіндік бермеуге бағытталды. Ол кезде КСРО емес, батыстағылар халықаралық құқықты бұзды. Олар барлық келісімді бұзып, НАТО-ны құруға кірісті. Варшава келісімшартының ұйымы алты жылдан кейінғ яғни, 1955 жылы құрылды. Еуропа құрылығында конфронтацияға бастамашы болған да КСРО емес, Батыс", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, бүгінде еуропалық шенеуніктерді алаңдатып отырған халықаралық құқықты бұзу фактісін Еуропаның өзі халықаралық аренада тұрақты қолдану арқылы әрекет етіп келеді.
Шығыс және Орталық Еуропаны дағдарысқа ұшыратқан Екіншідүниежүзілік соғыс пен құрлықты КСРО Гитлер ықпалынан азат еткені туралы факті бүгінде дауға айналды. Сондықтан, кеңестік жауынгерлердің Еуропаны рейх диктатурасынан құтқару әрекетін "зорлық-зомбылық, репрессия және азаматтардың бостандығын жаншу құралы" ретінде насихаттауға талпынып жатыр. КСРО-ны "агрессор, халықаралық құқық пен азаматтық еркіндікті бұзушы, үдерістің жауы" ретінде сипаттап, Еуропа нацизмнен өзін-өзі азат етті деп, тарихи фактілерді бұрмалау әрекеттері анықталып жатыр.
"Бір қызығы, Ресейдің орнына Қауіпсіздік кеңеесіне пацифизм, саяси әділеттілік үлгісі, халықаралық құқықтардың барлық нормасын сақтаушы ретінде Германияны енгізу ұсынылып отыр. Егер, тарихты бұрмалау жалғаса берсе, бір күні Гитлер Еуропаны большевиктер мен коммунистерден құтқару үшін соғыс бастады деген ақпарат айтылуы ықтимал", - деп жазылған мақалада.
Жаңалықтар
0