Екібастұзда бірнеше түрғын үй жылудан тағы ажыратылды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиАсаин Байханов провел заседание оперативного штаба
Асаин Байханов провел заседание оперативного штаба - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан — Sputnik. Екібастұздағы бірнеше үй жылу беруден уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.
Басылымның мәліметінше, жылу желісінің кейбір учаскелерінде ауыстыру жоспарланып жатыр. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Строительная – Павлов көшелерінің қиылысындағы үйлерде сағат 9-дан 15-ке дейін жылу болмайды. Сондай-ақ екі көшедегі жеке тұрғын үйлерде жылумен жабдықтау тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз 27 қарашаға қараған түні 30 градус аязда жылу мен ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды. Екібастұзда жылу желілері қалпына келтіріліп жатқанда қала тұрғындары бірнеше күн бойы сусыз және жылусыз отырды.
Жаңалықтар
0