"Соққыдан есін жимады": Ақтөбе облысында көз жұмған оқушының ата-анасы әділдік іздейді

© Photo : pixabay.comАгрессия
Агрессия - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында қайтыс болған 14 жастағы баланың ата-анасы жоғары сынып оқушыларын жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Шалқар ауданына қарасты Айшуақ ауылында 14 жастағы Рүстем Жалмұратов жұмбақ жағдайда көз жұмған. Алайда әкесі ұлымды өзінен үлкен балалар ұрып өлтірді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, сол күні баласын 11-ші сыныптың оқушылары тепкілеген. Ауыр соққыдан бала сол жерде қаза тапқан. Есінен танып қалған оқушыны медбикенің үйіне де жеткізген. Бірақ бала қайтыс болды.
Ал тәртіп сақшылары марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ дейді. Соған қарамастан, қазіргі кзеде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ата-анасы марқұм ұлына әлімжеттік көрсеткен ауыл балаларын жазалауды талап етіп отыр.
"Менің баламды бар пәрменімен тепкен. Сол тепкен бойда тізерлеп отырып қалған, құлаған. Сол арада тіл тартпай кеткен, балам. Бетіне қар шашқан, қасындағы балалары. Болмаған соң, сол көшедегі медбикенің үйіне көтеріп апарған. Осыған байланысты қасақана өлтірген балама қатысты іс-шара қолдануды сұраймын. Ешқандай, еш жерде есепте жоқ", - дейді Руслан Жалмұратов.
Жаңалықтар
0