https://sputnik.kz/20221227/almaty-oblysynda-turgyndar-zauyt-qurylysyna-qarsy-30679751.html
Алматы облысында тұрғындар құс фабрикасына қарсы наразылық акциясына шықты
Алматы облысында тұрғындар құс фабрикасына қарсы наразылық акциясына шықты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары ауыл маңынан салынатын тауық өнімін өндіретін фабрика құрылысына... 27.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-27T18:13+0500
2022-12-27T18:13+0500
2022-12-27T18:46+0500
алматы облысы
зауыт
тұрғындар
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1b/30685828_0:207:786:649_1920x0_80_0_0_6fb3d084aadda5726d700f3e0b5b9146.png
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары ауыл маңынан салынатын тауық өнімін өндіретін фабрика құрылысына қарсы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл ауылдың ұзын-ырғасы 25 мыңнан астам тұрғыны бар. Тауық фермасы іргеден салынады деген ақпарат тыныш жатқан ауылдың күйісін кетірген. Тұрғындардың айтуынша, зауыт салушылар 2017 жылдан бастап жоспарларына кіріскен. Алайда панфиловтықтар бұдан бейхабар болған. "Алель агро" АҚ өкілдері фабрика салатынын халыққа тек 26 қарашада айтқан. "Келісім құжаты болмай тұрып, құрылыс жүргізе бастаған. Алель агро зауыт саламыз деген жер - суармалы жер. Бірақ суармалы жердің бетін тегістеп балласт төсеп тастаған. Қазір біз 12 адамнан тұратын жұмыс тобын құрдық. Ол топқа 5 депутат енді: төртеуі аудандық, біреуі облыстық мәслихат депутаты. Барлығымыз зауыт салуға қарсымыз", - дейді Панфилов ауылының тұрғыны Ербол Серікұлы. Халықпен кездесуден қайыр көрмеген "Алель агро" фабрика салмайтынын айтып, екіжақты нақты құжатқа қол қоюға келісім берген. "Бұл мүмкін меморандум болады, мүмкін медиация болар. Бізге "құжатқа қол қойып қойдық" деген құжат жіберіп тұр. Меморандумда олар "ауыл тұрғындары "Алель агроға" қатысты әлеуметтік желіде ақпарат таратуды тоқтатуға тиіс" деп көрсетіпті. Олардың талабы бойынша, біз қандай да бір қылмысты көріп жатсақ, оны да бүркемелеуіміз керек екен. Біз оған келіспедік", - дейді тұрғындар. Ауыл тұрғындары өздері бітімгер жалдап, пікірін тізіп жазып, "Алель агродан" 19 желтоқсанға дейін жауап күтетінін айтқан. Алайда акционерлік қоғам жауап қатпаған. Тұрғындардың айтуынша, зауыт салатын кәсіпкердің уысында Алматы әуежайының да біраз жер телімі еніп кеткен. Бір зауыт салу арқылы 13 түрлі заң бұзылады. Панфиловтықтар оны саусақпен санап, жіпке тізіп отыр. Жаңа зауыттың сыйымдылығы сағатына 6000 бас, жылына 29 миллион бас тауық өнімін өндіреді екен. Ал облыс әкімдігі бұл жер телімі әу баста заңсыз бөлінген дегенді айтады. "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы тиісті тексеру жүргізді. Ол жер телімін кәсіпкерге беру кезінде заңнама бұзылғаны анықталды. Осы бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, сотқа жіберіледі. Панфилов ауылының маңынан зауыт салынбайды", - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел. Десе де, панфиловтықтар әкімдік берген уәде қағаз жүзінде емес, тек ауызша айтылды дейді. Сөздің қысқасы, тұрғындар биліктің "зауыт салынбайды" дегеніне сенбейді.Бұл аздай Панфилов ауылының маңында тереңдігі 100 метр болатын бірнеше шақырымға созылған карьерлер бар. Ауыл тұрғындар бұл карьерлердің де заңсыз екенін айтады.Зауытпен қоса, ендігі уайым карьер. Ауыл тұрғындары "оны толтыру үшін билік 25 мыңдық тұрғыны бар ауылды қоқыс полигонына айналдыра ма" деп үрейленіп отыр.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1b/30685828_0:133:786:723_1920x0_80_0_0_6d5041d51958c735c1549df990ea051b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы облысы, зауыт, тұрғындар
алматы облысы, зауыт, тұрғындар
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының тұрғындары ауыл маңынан салынатын тауық өнімін өндіретін фабрика құрылысына қарсы, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл ауылдың ұзын-ырғасы 25 мыңнан астам тұрғыны бар. Тауық фермасы іргеден салынады деген ақпарат тыныш жатқан ауылдың күйісін кетірген. Тұрғындардың айтуынша, зауыт салушылар 2017 жылдан бастап жоспарларына кіріскен. Алайда панфиловтықтар бұдан бейхабар болған. "Алель агро" АҚ өкілдері фабрика салатынын халыққа тек 26 қарашада айтқан.
"Келісім құжаты болмай тұрып, құрылыс жүргізе бастаған. Алель агро зауыт саламыз деген жер - суармалы жер. Бірақ суармалы жердің бетін тегістеп балласт төсеп тастаған. Қазір біз 12 адамнан тұратын жұмыс тобын құрдық. Ол топқа 5 депутат енді: төртеуі аудандық, біреуі облыстық мәслихат депутаты. Барлығымыз зауыт салуға қарсымыз", - дейді Панфилов ауылының тұрғыны Ербол Серікұлы.
Халықпен кездесуден қайыр көрмеген "Алель агро" фабрика салмайтынын айтып, екіжақты нақты құжатқа қол қоюға келісім берген.
"Бұл мүмкін меморандум болады, мүмкін медиация болар. Бізге "құжатқа қол қойып қойдық" деген құжат жіберіп тұр. Меморандумда олар "ауыл тұрғындары "Алель агроға" қатысты әлеуметтік желіде ақпарат таратуды тоқтатуға тиіс" деп көрсетіпті. Олардың талабы бойынша, біз қандай да бір қылмысты көріп жатсақ, оны да бүркемелеуіміз керек екен. Біз оған келіспедік", - дейді тұрғындар.
Ауыл тұрғындары өздері бітімгер жалдап, пікірін тізіп жазып, "Алель агродан" 19 желтоқсанға дейін жауап күтетінін айтқан. Алайда акционерлік қоғам жауап қатпаған.
"Көп ұзамай акционер Марғұлан Сейсенбайдың сұхбаты шықты. Ол: "28 миллион инвестиция тарттым, екі миллионның жұмысын жасап қойдық" деп жатыр. Сонда біздің келісімсіз фабрика жұмысы жүріп жатыр деген сөз ғой", - дейді Ербол Серікұлы.
Тұрғындардың айтуынша, зауыт салатын кәсіпкердің уысында Алматы әуежайының да біраз жер телімі еніп кеткен. Бір зауыт салу арқылы 13 түрлі заң бұзылады. Панфиловтықтар оны саусақпен санап, жіпке тізіп отыр.
Жаңа зауыттың сыйымдылығы сағатына 6000 бас, жылына 29 миллион бас тауық өнімін өндіреді екен. Ал облыс әкімдігі бұл жер телімі әу баста заңсыз бөлінген дегенді айтады.
"Алматы облысының жер қатынастары басқармасы тиісті тексеру жүргізді. Ол жер телімін кәсіпкерге беру кезінде заңнама бұзылғаны анықталды. Осы бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, сотқа жіберіледі. Панфилов ауылының маңынан зауыт салынбайды", - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Десе де, панфиловтықтар әкімдік берген уәде қағаз жүзінде емес, тек ауызша айтылды дейді. Сөздің қысқасы, тұрғындар биліктің "зауыт салынбайды" дегеніне сенбейді.
Бұл аздай Панфилов ауылының маңында тереңдігі 100 метр болатын бірнеше шақырымға созылған карьерлер бар. Ауыл тұрғындар бұл карьерлердің де заңсыз екенін айтады.
Зауытпен қоса, ендігі уайым карьер. Ауыл тұрғындары "оны толтыру үшін билік 25 мыңдық тұрғыны бар ауылды қоқыс полигонына айналдыра ма" деп үрейленіп отыр.