Алаяқтар Астана тұрғынын 120 мың долларға алдады

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 желтоқсан - Sputnik. 120 мың АҚШ долларына Астана тұрғынының алаяқтар тобы алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер ел аумағында аса ірі көлемде алаяқтық жасайтын топты ұстады. Астанадан келген кәсіпкерге қоңырау шалып, бизнес серіктесі болып сөйлесіп, қарызға 120 мың АҚШ долларын сұраған.
Қоңырау шалушыға сенген жәбірленуші келесі күні Алматыда болатынын және ақшаны беретінін айтып, уәде берген. Алматыға келген кәсіпкер өзі бұрын-соңды көрмеген адамға 120 мың долларды ұстатып жіберген. Бірнеше күннен кейін кәсіпкер танысына қоңырау шалып, қарызын қайтаруды сұраған. Алайда танысы бұдан қарыз сұрамағанын айтып, ант су ішкен.
Күдікті адамдар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0