Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Starlink спутниктік жүйесін әскери нысан ретінде қарастыра ма

© AFP 2024 / HANDOUTSpaceX
SpaceX  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Жазылу
Украинадағы ресейлік арнайы әскери операция кезінде Starlink ғаламдық спутниктік интернет жүйесі шын мәнінде Пентагон, НАТО және Украина Қарулы күштерінің байланысы мен жауынгерлік бақылауының негізі екенін айқындады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 21 желтоқсанда әскери ведомствоның кеңейтілген алқасында АҚШ пен НАТО-ның 500-ден астам жерсерігі, оның ішінде 70-тен астам әскери спутник Украина Қарулы күштерінің мүддесі үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Бұл Украина Қарулы күштеріне НАТО-дан онлайн барлау ақпаратын алуға және әзірге 815 шақырымдық "майдан" шебінде байланыс пен әскери басқару жүйесіне ие болуға мүмкіндік береді.
Бір күннен кейін РФ Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов АҚШ пен оның одақтастары қақтығысты созу үшін Киевке әскери көмек көлемін арттырып жатқанын және оның жалпы сомасы шамамен 100 миллиард долларды құрайтынын мәлімдеді.
26 желтоқсанда Саратов облысында америкалық мамандар модификациялаған Украина Қарулы күштерінің пилотсыз ұшу аппараты Энгельс әскери аэродромына соққы жасауы керек еді. Бұл спутниктік бағдарлау жүйесінің (навигация, басқару) көмегінсіз мүмкін емес еді.
"Сондықтан, анығында, АҚШ пен НАТО ресейлік ядролық үштікке украиндар арқылы шабуыл жасамақ болды. Киев режиміне Батыстың ғарыштағы әскери көмегі үшін Мәскеу не істеуі керек? Әрине, арнайы әскери операцияны жоспарға сәйкес аяқтауы қажет. Сондай-ақ, украин жеріндегі әскери і-қимыл және болашақта жаудың спутниктік тобын істен шығаруға мүмкіндік беретін асимметриялық шараларды әзірлеу қажет", - деп жазды Хроленко.
Киев пен АҚШ-тың Space Exploration Technologies Corp компаниясы арасындағы жақында 10 мыңнан астам Starlink спутниктік интернет-терминалдарын жеткізу туралы келісімі (бұрын жеткізілген 5 мыңнан басқа) Украина Қарулы күштері 2023 жылдың басында жаңа терминалдар алатынын білдіреді. Қомақты қаражатты ЕО елдері бөліп отыр: "жердегі" аппарат құны кем дегенде 550 доллар тұрады, бүкіл партия үшін еуропалық салық төлеушілер 5,5 миллион доллар және қосымша 15 000 терминалды қолданған әр айға 1,65 миллион доллар төлейді.
Starlink жүйесі жеке бастама ретінде таныстырылады. Алайда, Пентагонның қосалқы мердігерлік келісімшарты бойынша спутниктік интернет жауынгерлік басқару жүйесіне айналады. Ал кәсіпкер Илон Маск іс жүзінде украин әкери іс-қтимыл театрында Украина Қарулы күштерінің шетелдік (америкалық) жалдамалы жауынгеріне айналады. Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Константин Воронцов БҰҰ мінберінен АҚШ-тың коммерциялық жерсеріктерін қарулы қақтығыстарда қолданылатын жағдайда олар әскери нысана ретінде қарастырылатынын айтты.
Бастапқыда азаматтық Starlink жүйесі теңізшілер, саяхатшылар, шалғай аудандардың тұрғындары және "автократиялық режимдегі" елдер үшін құрылды. Әскери шолушының ойынша, Интернеттегі секілді, Starlink басында да Пентагон тұрды. Тұрақты байланыс – жауынгерлік басқарудың негізі. Бірақ Starlink спутниктерінің қызмет ету мерзімі небәрі бес жыл.
Ғаламшарда Starlink жүйесі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Еуропаның, сондай-ақ Австралияның 29 елінде қолданылады. Украинада сәуір айының басында АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) тапсырған алғашқы 5000 терминал пайда болды.
Starlink жүйесіне қарсы күресте ресейлік әскер әртүрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Украина Қарулы күштерінің "маңызды инфрақұрылым" нысандарын ресейлік жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен жою Starlink жерүсті станцияларына да қатысты болуы мүмкін.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0