https://sputnik.kz/20221226/qazaqstanda-en-zhogary-zeynetaqy-30635190.html
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленген ең жоғары зейнетақының көлемі 700 мың теңгеден асып отыр, деп хабарлайды... 26.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-26T15:08+0500
2022-12-26T15:08+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленген ең жоғары зейнетақының көлемі 700 мың теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асты. Жыл басынан бері қордағы ақша 1,3 триллион теңгеге (10,2 %) өсті. Биыл қаңтар мен желтоқсан аралығында зейнетақы шоттарына 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30 процентке артық. Ал таза инвестициялық табыс 777 миллиард теңгені құрады. Оны салымшылардың арасында таратты. Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,1 триллион теңгеге төлем жасалды. Басым бөлігі - 902 миллиард теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге жұмсалды. Ал зейнет жасқа жеткен азаматтарға берілетін төлемдердің мөлшері де 22,6 процентке ұлғайып, 109 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, басқа да төлемдер жасалды. Олар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды
15:08 26.12.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Биыл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленген ең жоғары зейнетақының көлемі 700 мың теңгеден асып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 14,4 триллион теңгеден асты. Жыл басынан бері қордағы ақша 1,3 триллион теңгеге (10,2 %) өсті.
Биыл қаңтар мен желтоқсан аралығында зейнетақы шоттарына 1,5 триллион теңгеден астам қаражат түсті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30 процентке артық. Ал таза инвестициялық табыс 777 миллиард теңгені құрады. Оны салымшылардың арасында таратты.
Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,1 триллион теңгеге төлем жасалды. Басым бөлігі - 902 миллиард теңге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге жұмсалды. Ал зейнет жасқа жеткен азаматтарға берілетін төлемдердің мөлшері де 22,6 процентке ұлғайып, 109 миллиард теңгеге жетті.
"БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, басқа да төлемдер жасалды. Олар:
мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,8 млрд теңге;
Қазақстаннан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 45,3 млрд теңге;
мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңге;
жерлеу төлемдері - 4,9 млрд теңге;
сақтандыру ұйымдарына аударылған төлемдер - 23,2 млрд теңге