Агенттік Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты ақпарат жариялады

© Sputnik / Сергей КимКайрат Боранбаев
Кайрат Боранбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"2022 жылғы 23 желтоқсанда Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді.
Ұлттық компанияға келтірілген залал "Qazaq Gaz" АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Жаңалықтар
0