Қазақстанда сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание сената парламента Казахстана
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. ҚР парламенті сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу өз мәресіне жетті.
"ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де ҚР парламенті сенаты депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. Осылайша кандидаттар ертеңнен бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Үгіт-насихат 13 қаңтарға дейін жалғасады", - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.
ОСК ұсынған мәліметке сәйкес, жоғарғы палатаға келуге барлығы 130 адам ниет білдірген, соның 66-сы құжатын толық тапсырып, ресми тіркелді. Олардың орташа жасы – 51,8. Сенат депутаттығына үміткерлердің 69,7%-ы - ер адам, 30,3%-ы - әйел.
Айта кету керек, кандидаттардың 95 пайызы - өзін өзі ұсынғандар. Үлкені 67 жаста болса, ең жасы 31-де.
Еске сала кетейік, сенат депутаттарын сайлау 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді.
Жаңалықтар
0