Спорт

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

© AFP 2024 / BRENTON EDWARDSЕлена Рыбакина
Елена Рыбакина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2022
Жазылу
Қазақстандық спортшы үшін бұл Дубайдағы сайыста қатарынан жеткен төртінші жеңіс.
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League турнирінің финалында WTA рейтінгі бойынша әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швёнтекті 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Еске салсақ, Ига Швёнтек – біздің спортшылардың алдағы уақытта өтетін сайыстағы қарсыластарының көшбасшысы. Қазақстан мен Польша командалары арасындағы матч Астанада 2023 жылдың 14-15 сәуірінде өтеді.
Рыбакина Дубайда өткен турнирде бүкіл матчта жеңіске жетті: алдымен әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы 0:6, 6:1 есебімен жеңді, одан кейін Зверевпен бірге жұптық ойында Оже-Альяссим мен Саня Мирзадан 7:5, 3:6, 10:5 есебімен басым түсті және әлемнің төртінші ракеткасы Каролин Гарсияны 7:5, 6:1 есебімен артта қалдырды.
Елена Рыбакина - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2022
Спорт
Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" атағына үміткерлердің қатарына кірді
Жаңалықтар
0