Ақтауда көлік аударылып, үш адам зардап шекті

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Жол апаты 25 желтоқсанға қараған түні болған, деп хабарлайды жергілікті lada.kz порталы.
25 желтоқсан күні сағат 02:30-да "102" кезекшісіне Ботаникалық бақ пен 11А ықшам ауданы арасында жол апаты туралы қоңырау келіп түскен.
Mercedes Benz көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай, көлік аударылып, бағанаға соғылған.
Жол уақытша жабылды. Апат салдарынан үш адам зардап шеккені белгілі болды. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Тексеруден кейін зардап шеккендердің бірі үйіне жіберілді. Көлік айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
0