Саясат

Тоқаев Әзербайжан президентін туған күнімен құттықтады

Тоқаев пен Әлиев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі", - деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан президенті бауырлас Әзербайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы аталып өтті. Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2022
Саясат
Өзбекстанға барған Тоқаев: тату көршілікке негізделген қатынасты жаңа деңгейге көтереміз
Жаңалықтар
0