https://sputnik.kz/20221224/smayylov-inflyatsiyany-tomendetu-ulttyq-qauipsizdik-30602724.html
Смайылов: инфляцияны төмендету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі
Смайылов: инфляцияны төмендету – ұлттық қауіпсіздік мәселесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. 24.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-24T18:25+0500
2022-12-24T18:25+0500
2022-12-24T18:34+0500
экономика
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/18/30597781_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_daa9acd6e4bf06758abd792c6b8a879e.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 22,3%-ке, аптаның қорытындысы бойынша 0,2%-ке қымбаттағанын хабарлады. Пияз бағасы 1,7%-ке, қырыққабат – 0,9%-ке, күріш – 0,8%-ке, сүзбе – 0,7%-ке, жұмыртқа мен сүт – 0,5%-ке қымбаттады. Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4%) және Астана қаласында (25%) тіркелді. Шаққалиев "4-5 буындық" делдалдардың қызметіне байланысты бөлшек сауда өнімдерінің бағасы іс жүзінде 60%-ке өсетінін атап өтті. Осы орайда өңірлік комиссиялардың жұмысы көтерме жеткізілім, логистика және қойма тізбектерінің схемаларын талдауға, сондай-ақ ден қою шараларын қабылдауға бағытталған. Бұдан басқа, рұқсат етілген сауда үстемесін (15%) бақылау бөлігінде "үй жанындағы" дүкендермен жұмыс күшейтілді және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін республика аумағында тауарларды қадағалау жүйесі жетілдіріліп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдің ішкі нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету, көкөніс өндірісін форвардтық қаржыландыру, мемлекеттік қолдау алатын тауар өндірушілер тарапынан қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов азық-түлік бағасының негізсіз өсуі фактілері бойынша қабылданған монополияға қарсы ден қою шаралары туралы айтып берді. Атап айтқанда, үстем жағдайды теріс пайдаланғаны және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары үшін бірқатар құс фабрикаларына қатысты бес тергеу тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар нарығында қант, тауық еті мен сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерге 90 ескерту жолданды, жұмыртқа, қант, сүт өнімдерін өндірушілерге және сауда орындарына қатысты 19 тергеу жүргізіледі. Премьер-министр бағаны ұстап тұрудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мемлекеттік тетіктердің жұмысы қайта форматталғанын атап өтті. Атап айтқанда, "айналым схемасы" бойынша тәсілдер қайта қаралды: енді қаржыландыру негізінен сауда желілерін емес, өндірушілерді қолдауға бағытталады. Бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы қайта құрылып, күшейтілді, өндірушілердің құқықтарына нұқсан келтірмейтін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын бекіту жөніндегі қағидалар бизнеспен келісілді. Премьер-министр маусымаралық бағаны ұстап тұру үшін көкөніс бойынша жедел түрде келісімшарттар, сондай-ақ қалған өңірлерге – қант зауыттарымен шарт жасасуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. "Ішкі нарықты өз азық-түліктерімізбен толықтыру және оларды маусымаралық кезеңде сақтау үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Өңірлік комиссиялар тарапынан делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі уақтылы шаралар қажет. Біздің басты міндетіміз – азаматтарды қолжетімді бағада қажетті тауарлармен қамтамасыз ету", - деді ол. Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр жаңа жыл қарсаңында жағдайды тұрақтандыру үшін бағаны ұстап тұрудың жаңа тәсілдерін толыққанды іске асыруды, сондай-ақ бір ай мерзімінде қосымша заманауи көкөніс қоймаларын салу мәселелерін пысықтауды тапсырды. "Инфляцияның жоғары қарқыны экономиканың үдемелі дамуына мүмкіндік бермейді және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Осыған байланысты келесі жылы оны 2 есеге төмендету бойынша жұмыс – ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұл жұмыста формалдылық болмауы тиіс", - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, кеңесте Алматы облысында "G4 City" жобасын одан әрі іске асыру мәселелері қаралды. Премьер-министр "G4 City" аумағында арнайы экономикалық аймақ құруды жеделдетуді, қаланың бас жоспарын бекіту және қала құрылысы құжаттарын әзірлеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, сондай-ақ жобаны тұтастай іске асыру жөніндегі жол картасын өзектендіруді талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/18/30597781_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_83844b4d89071b8ec7d5f27c0fb9a359.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 22,3%-ке, аптаның қорытындысы бойынша 0,2%-ке қымбаттағанын хабарлады. Пияз бағасы 1,7%-ке, қырыққабат – 0,9%-ке, күріш – 0,8%-ке, сүзбе – 0,7%-ке, жұмыртқа мен сүт – 0,5%-ке қымбаттады.
Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4%) және Астана қаласында (25%) тіркелді.
Шаққалиев "4-5 буындық" делдалдардың қызметіне байланысты бөлшек сауда өнімдерінің бағасы іс жүзінде 60%-ке өсетінін атап өтті. Осы орайда өңірлік комиссиялардың жұмысы көтерме жеткізілім, логистика және қойма тізбектерінің схемаларын талдауға, сондай-ақ ден қою шараларын қабылдауға бағытталған.
Бұдан басқа, рұқсат етілген сауда үстемесін (15%) бақылау бөлігінде "үй жанындағы" дүкендермен жұмыс күшейтілді және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін республика аумағында тауарларды қадағалау жүйесі жетілдіріліп жатыр.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдің ішкі нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету, көкөніс өндірісін форвардтық қаржыландыру, мемлекеттік қолдау алатын тауар өндірушілер тарапынан қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов азық-түлік бағасының негізсіз өсуі фактілері бойынша қабылданған монополияға қарсы ден қою шаралары туралы айтып берді.
Атап айтқанда, үстем жағдайды теріс пайдаланғаны және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары үшін бірқатар құс фабрикаларына қатысты бес тергеу тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар нарығында қант, тауық еті мен сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерге 90 ескерту жолданды, жұмыртқа, қант, сүт өнімдерін өндірушілерге және сауда орындарына қатысты 19 тергеу жүргізіледі.
Премьер-министр бағаны ұстап тұрудың тиімділігін арттыру үшін негізгі мемлекеттік тетіктердің жұмысы қайта форматталғанын атап өтті. Атап айтқанда, "айналым схемасы" бойынша тәсілдер қайта қаралды: енді қаржыландыру негізінен сауда желілерін емес, өндірушілерді қолдауға бағытталады.
Бұдан басқа, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы қайта құрылып, күшейтілді, өндірушілердің құқықтарына нұқсан келтірмейтін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын бекіту жөніндегі қағидалар бизнеспен келісілді.
"Өңірлерге бағасының ауытқуы аса ықтимал көкөніс және басқа да тауар түрлері бойынша келісімшарттар жасау жөнінде тиісті тапсырма жолданды. Сонымен қатар, кейбір өңірлердің жоспарланған шараларды орындамауына және формалды түрде қарауына байланысты бағаның өсуі байқалады", - деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министр маусымаралық бағаны ұстап тұру үшін көкөніс бойынша жедел түрде келісімшарттар, сондай-ақ қалған өңірлерге – қант зауыттарымен шарт жасасуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
"Ішкі нарықты өз азық-түліктерімізбен толықтыру және оларды маусымаралық кезеңде сақтау үшін жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Өңірлік комиссиялар тарапынан делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі уақтылы шаралар қажет. Біздің басты міндетіміз – азаматтарды қолжетімді бағада қажетті тауарлармен қамтамасыз ету", - деді ол.
Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр жаңа жыл қарсаңында жағдайды тұрақтандыру үшін бағаны ұстап тұрудың жаңа тәсілдерін толыққанды іске асыруды, сондай-ақ бір ай мерзімінде қосымша заманауи көкөніс қоймаларын салу мәселелерін пысықтауды тапсырды.
"Инфляцияның жоғары қарқыны экономиканың үдемелі дамуына мүмкіндік бермейді және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Осыған байланысты келесі жылы оны 2 есеге төмендету бойынша жұмыс – ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Бұл жұмыста формалдылық болмауы тиіс", - деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ, кеңесте Алматы облысында "G4 City" жобасын одан әрі іске асыру мәселелері қаралды. Премьер-министр "G4 City" аумағында арнайы экономикалық аймақ құруды жеделдетуді, қаланың бас жоспарын бекіту және қала құрылысы құжаттарын әзірлеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды, сондай-ақ жобаны тұтастай іске асыру жөніндегі жол картасын өзектендіруді талап етті.