Инфографика

Қазақстанда электр энергиясы қалай өндіріледі

Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстанда электр энергиясы қалай өндірілетіні туралы Sputnik инфографикасын көріңіз
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда электр қуатының 70%-і көмірден, 20%-і газдан, 3%-і жаңартылатын энергия көздерінен, қалғаны судан өндіріледі.
2021 жылы жаңартылатын энергия көздері республикада 4,2 миллиард кВт/сағ энергия өндірді.
Бұл ретте ірі ГЭС еесебінен жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясының үлесі артты. Ол 2020 жылға қарай 11%-ке жетті. Салыстыру үшін айтсақ, 2015 жылы бұл көрсеткіш 10,3%-ті құрады.
Егер ірі ГЭС-ті есепке алмасақ, онда 2021 жылы бұл көрсеткіш небәрі 3,7%-ті құрады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, 2022 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстанның энергетика жүйесінің тарихында электр энергиясын тұтынудың тарихи максимумы 16 459 МВт деңгейінде тіркелді. Бұл ретте елдегі электр станцияларының жалпы генерациясы небәрі 15 203 МВт құрады. Тапшылық ресейлік энергетика жүйесінен жоспардан тыс ағындары есебінен жабылды.
Жаңалықтар
0