Өзбекстанда үнді елінде жасалған дәріні ішкен 15 бала қайтыс болды - тергеу жүріп жатыр

© Pixabay/HeungSoonВитамины
Витамины - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратын қабылдағаннан кейін балалар арасында өлім тіркелген соң елде бұл дәріні сату тоқтатылды.
"Әлеуметтік желіде екі айдың ішінде Самарқанд облысында "Док-1 Макс" (Үндістан) дәрісі мен шәрбатын қабылдаған 21 баланың жағдайы нашарлап, 15 баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл жағдайдың дәріні қабылдаумен байланысы бар-жоғын анықтау бойынша тексеру басталды. Препарат сатылымы тоқтатылды", - деп хабарлайды Gazeta.uz.
Әлеуметтік желіде Самарқанд облысының балаларға арналған көпбейінді медициналық орталығы директорының облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жазған хатының көшірмесі пайда болды. Хатта "Док-1 Макс" дәрісі мен шәрбатын қабылдаған науқастардың ауруы асқынуы мен өлімі туралы айтылған.
15 желтоқсандағы хатында ол соңғы айларда облыс тұрғындары, әсіресе балалар арасында респираторлық вирустық инфекциялар таралып, дәрігерлер "Док-1 Макс" препаратын өте жиі беріп жатқанын, ол дәріні балалардың ата-аналары да кейде қабылдайтынын жазған. Препараттың құрамында парацетамол, гвайфенезин и фенилэфрин гидрохлориді бар.
"Док-1 Макс" препаратын қабылдағаннан кейін бізге оның жанама әсері туралы хабарлама көп түсіп жатыр. Балалардың бүйрегінде сырқат анықталып отыр", - деп жазылған хатта.
Әлеуметтік желіде тараған хатта соңғы екі айда аурудың асқынуына шағымданып, 21 адам ауруханаға түскені жазылған. Олардың көпшілігінде анурия – зәрдің зәр қуысына түсуінің тоқтауы тіркелген.
"17 баланың жағдай өте ауыр болды, тіпті бірнеше рет гемодиализ өткізуге тура келді.15 адам қайтыс болды", - деп жазылған хатта.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желіде тараған хаттың түпнұсқа екенін растады. Ведомство Фармацевтика саласын дамыту агенттігіне сілтеме жасап, жағдайды зерттеп, науқастардың ауруының асқыну себептерін анықтау үшін мамандардан жедел топ құрылғанын хабарлады. Самарқанд қаласындағы дәріханалардан сатып алынған Үндістанның Marion Biotech компаниясы шығарған лимон және бал дәмі бар "Док-1 Макс" дәрілері мен шәрбатына сараптама басталды.
22 желтоқсаннан бастап бұл дәріні Өзбекстанның барлық аумағында сату уақытша тоқтатылды. Quramax Medical препаратының дистрибьюторы бұл туралы препарат сатылған ұйымдарды хабардар етті.
Жаңалықтар
0