Видео

Көмекші Люси: ит иесіне бала күтуге жәрдемдесіп жүр – видео

Жазылу
Бұл төбет – нағыз көмекші. Ол өз иелеріне жаңа туған балаларына қарауға көмектеседі. Төрт аяқтының таңғаларлық ептілігі мен икемділігін видеодан көріңіз
Үйде жаңа туған егіз сәби пайда болған кезде, иесі итін пайдалы дағдыларға үйрету туралы шешім қабылдаған. Ондай көмек қатарында нәрестелерге арналған жаялықтарды, майлықтарды немесе жылы көрпе әкелу бар.
Төбет бұл істе қандай да бір көмегі болғанына қуанғаны сонша, бұл дағдыны тез меңгеріп алды. Үй өте үлкен, қажетті нәрсе әрқашан қол астында бола бермейді. Ал егіздерді бөлмеде қараусыз қалдырмау үшін ит иесі қажетті затқа ақылды төбетті жұмсауға әдеттеніп алды.
Видеодан иттің бұл шаруаны қандай ынтамен және жауапкершілікпен орындайтынын көруге болады. Бұл бір уақытта таңғалдырады әрі сүйсіндіреді. Үйдегі мұндай адал және епті көмекші болғаны қандай тамаша!
"Жаңа туған егіз қыздарым үйге келгеннен кейін көп ұзамай мен итім Люсиді үйрете бастадым. Мен оны мұндай керемет көмекші болады деп ойламадым. Осы видеоны түсіріп, желіге жүктедім. Интернетте оны мыңдаған адам көрді. Мұның бәрі Люсидің еңбегі!", - деді ақылды әрі епті иттің иесі.
Жаңалықтар
0