Әлем

АҚШ-та боран салдарынан кемінде тоғыз адам қаза болды - БАҚ

© Sputnik / Anton Denisov / Медиабанкке өтуСотрудник коммунальной службы убирает снег с площади у делового центра "Москва-сити"
Сотрудник коммунальной службы убирает снег с площади у делового центра Москва-сити - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. АҚШ-та боран салдарынан кемінде тоғыз адам қаза болды, деп хабарлады CNN телеарнасы.
Канзас билігі үш адамның қазасын растады. Миссури штатының Канзас-Сити қаласында жол апатынан бір адам көз жұмған. Кентуккиде алапат боран үш адамның өмірін жалмады. Огайо штатының губернаторы хабарлағандай, ауа райы қолайсыздығынан болған жол апатынан төрт адам қаза тапты.
poweroutage.us мониторинг интернет-ресурсының мәліметі бойынша бір миллионнан астам тұтынушы жарықсыз қалған.
АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, боран елдің басым бөлігінде аптаның соңына дейін жалғасады. Арктикалық фронттың ығысуына байланысты елдің шығысы мен орталығында күн қатты суиды.
Жаңалықтар
0