Оқиға

Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

© Sputnik / Владислав ВодневМашины скорой помощи
Машины скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында үш көліктің соқтығысуы салдарынан бес адам қаза тауып, үш адам зардап шекті.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 24 желтоқсанда Жамбыл ауданында Toyota Camry, Daewoo Nexia және Daf Trucks N жеңіл көліктері соқтығысқан.
Полицияның алдын ала ақпаратына мәйкес, жол апатына Toyota Camry көлігінің 33 жастағы жүргізушісі кінәлі. Анықталғандай, Алматы – Бішкек тасжолының 126-шақырымында ер адам тіркемесі бар Daf Trucks NL көлігін басып озамын дегенде қарсы бағытта келе жатқан Daewoo Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Инерциямен жүк көлігіне соғылған.
"Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі ауруханада қайтыс болды. Аталған факті бойынша қажетті сараптама жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("көлікті басқаратын адамның абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полицияның баспасөз қызметі.
Өңірлік полиция қызметі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
0