Спорт

Жүлде қоры 1 млн доллар: Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

© Photo : pixabay/jarmolukШахмат
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматыда рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл интеллектуал спортшылар үшін жылдағы ірі бәсекенің бірі, деп хабарлайды республикалық спортты дамыту дирекциясы.
Жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Додаға әлемнің 70 елінен 250-ден астам мықты ойыншы қатысады. Олардың қатарында әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсен, вице-чемпион Жу Венджун, Американың чемпионы Фабиано Каруана, фишер бойынша әлем чемпионы Хикару Накамура, кезекті әлем чемпионатының финалисі Ян Непомнящий бар.
Сондай-ақ Нидерланд, ФИДЕ, Әзірбайжан, Польша, Қытай, Франция, Үндістан, Иран мемлекеттерінің шахматтан шашасына су жұқпаған жүйріктері бақ сынасады.
Қазақстан құрамасы: Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибисара Асаубаева.
Жалпы ерлер арасында таңдаулы 149, әйелдер арасында 93 шахматшы ойнайды.
Әр ойыншыға рапидте 15 минут +10 секунд, блиц түрінде 3 минут + 2 секунд беріледі. Әлем чемпионатының жүлде қоры 1 000 000 АҚШ доллары.
Жаңалықтар
0