https://sputnik.kz/20221223/zelenskiydin-aqsh-qa-sapary-nemen-ayaqtalady--30644054.html
Зеленскийдің АҚШ-қа сапары немен аяқталады
Зеленскийдің АҚШ-қа сапары немен аяқталады
Sputnik Қазақстан
Америкадағы жетекші БАҚ хабарлауынша, Украина президенті Вашингтондағы келіссөзде өз мақсатына жете алмаған. Сонымен бірге, кейбір конгрессмендер атап... 23.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-23T18:26+0500
2022-12-23T18:26+0500
2022-12-26T16:30+0500
зеленский
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1a/30644276_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_5b5d577626fd04e5dbd392baa73e09df.jpg
Америкадағы жетекші БАҚ хабарлауынша, Украина президенті Вашингтондағы келіссөзде өз мақсатына жете алмаған. Сонымен бірге, кейбір конгрессмендер атап өткендей, оның парламенттегі сөзі диалог құру әрекетінен мүлде ұқсамады, деп жазды РИА Новости .Зеленский ресейлік арнайы операция басталғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарды АҚШ-қа жасады. Ол негізінен қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жаңа жеткізілімдері бойынша келіссөз жүргізуді көздеді. Сондықтан Конгрессте ол украин жауынгерлерінің ерлігі, мұхиттың арғы жағында да жасыру мүмкін емес ресейлік қауіп және әлемдік қоғамдастықтың күнделікті қолдауын қажет ететін Киевтің төзімділігі туралы ұзақ сөйледі.Депутаттар Зеленскийді жақсы қабылдады. Олар тіпті украин көшбасшысы баяндама жасаған кезде 18 рет қол шапалақтады. Бұл Зеленскийге сұрағанының бәрі берілетіндей әсер қалдырды. Алайда, қарашаның басында АҚШ-та өткен аралық сайлау көп нәрсені өзгертті. Парламенттің төменгі палатасында Киев режимін қаржыландыруды аса қолдамайтын Республикалық партияға басымдыққа ие болды.The Washington Post газетінің хабарлауынша, Зеленскийдің сөзінен кейін өкілдер палатасындағы республикашылдардың басшысы Кевин Маккарти Украинаны қолдайтынын, бірақ америкалық көмектің қалай қолдагнылып жатқанын тексергісі келетінін айтты. Колорадо штатынан келген конгрессмендер Лорен Боберт пен Флорида шенеунігі Мэтт Гаетц мәртебелі мейманға мүлде қошемет көрсетпеді. Техас штатының өкілі Чип Рой мұның барлығын "саяси театр" деп атады. Жалпы, Зеленскийді тыңдауға 213 республикалық конгрессменнің 86-сы ғана келді, деп жазды Hill газеті.Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда Демократиялық партия Киевке 45 миллиард долларлық көмек пакетін тез арада дауысқа салғысы келген, бірақ бұл жоспар екінші әрекетте ғана жүзеге асты. Біріншісінде республикашылдар бұл бастамаға тосқауыл қойды. Демократ сенатор Крис Кунс оның кейбір партияластары да бұл шараға қарсы болғанын айтты.Джо Байден Зеленскийге Вашингтон Киевті қанша қажет болса, сонша уақыт қолдауға ниетті екеніне сендірді. Тіпті республикашылдар қарсылық танытса да, Украина армиясын ленд-лиз шартымен қамтамасыз етуге болады. Яғни, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей, көмек алатындар соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін бүтін қалған техника үшін ғана ақы төлейді."Президенттер деңгейіндегі кездесуде Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинге бірнеше рет тіл тигізді. Ал америкалық көшбасшы ұстамдырақ болды. Washington Post мұны Байден Мәскеумен тікелей қақтығысты қаламайтынынан деп түсіндіреді", - деп жазылған материалда.Дәл сол себепті ол М1 Abrams танктерін Украинаға беруден бас тартты. Байденнің айтуынша, бұл НАТО-ның бірлігін бұзуы мүмкін. Өйткені ол жақта Ресеймен соғысуды қолдайтындар аз. Бұған дейін Пентагон Киевте әскери көліктер жеткілікті екенін, ал америкалық үлгілер тым күрделі екенін алға тартты. Бұған дейін Германия америкалықтардан бұрын "Абрамстарды" украин жеріне жөнелтуден баст тартты.Politico газеті Зеленскийдің бұл кездесу нәтижесіне көңілі толмағанын жазды. "Біз көбірек "Патриот" алғымыз келеді. Өкінішті", - деді ол америкалық шенеуніктер мен журналистердің ортасында.БАҚ хабарлауынша, Байден Зеленскиймен кездесуді әлі де жалғасып жатқан соғыс қимылдары туралы байыпты сөйлесу үшін пайдаланғысы келген. Сондықтан, АҚШ президенті өзінің сақтығын түсіндіруге тырысқанда, ал оның әріптесі Киевтің тек Вашингтонға ғана арқа сүйейтінін ашық айтты.РИА Новостиге сұхбат берген сарапшылар бұл кездесу Зеленскийге емес, Байденге қажет деп санайды."Америкалықтар Зеленскийді әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде танытып, қазір өздері қиын жағдайға тап болды. Украина президенті америкалық саясатты анықтай аламын деп ойлады. Ал Байден жағдайдың қалай өрбійтінін тек Ақ үй шешетінін еске салған секілді", - дейді Ресей ғылым академиясының АҚШ және Канада институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Васильев.Бітімгершілік бастамалар және қақтығыстарды зерттеу институтының жетекшісі Денис Денисов америкалықтар Киевке қақтығысты қажетті тиісті ұстап тұру үшін қажетті өлемде ғана қару беріп жатқанын айтты. "Майдандағы жағдай Украинаның Бас штабында емес, Пентагонда талданады және жеткізілім ауқымы туралы шешім де сонда қабылданады. Бұл жағдайда Киевтің мүддесі екінші орында тұр", - деді ол.Мұның тағы бір дәлелі - бейбіт және дипломатиялық реттеу туралы мәлімдемелердің болмауы. Сонымен қатар, сарапшылар америкалықтардың жартысына жуығы соғыс қимылдарына тікелей қатысқысы келмейтінін айтады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1a/30644276_439:0:3170:2048_1920x0_80_0_0_4236258b0246875393c21aab4c932f68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский
Америкадағы жетекші БАҚ хабарлауынша, Украина президенті Вашингтондағы келіссөзде өз мақсатына жете алмаған. Сонымен бірге, кейбір конгрессмендер атап өткендей, оның парламенттегі сөзі диалог құру әрекетінен мүлде ұқсамады, деп жазды
РИА Новости .
Зеленский ресейлік арнайы операция басталғаннан кейінгі алғашқы шетелдік сапарды АҚШ-қа жасады. Ол негізінен қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жаңа жеткізілімдері бойынша келіссөз жүргізуді көздеді. Сондықтан Конгрессте ол украин жауынгерлерінің ерлігі, мұхиттың арғы жағында да жасыру мүмкін емес ресейлік қауіп және әлемдік қоғамдастықтың күнделікті қолдауын қажет ететін Киевтің төзімділігі туралы ұзақ сөйледі.
Депутаттар Зеленскийді жақсы қабылдады. Олар тіпті украин көшбасшысы баяндама жасаған кезде 18 рет қол шапалақтады. Бұл Зеленскийге сұрағанының бәрі берілетіндей әсер қалдырды. Алайда, қарашаның басында АҚШ-та өткен аралық сайлау көп нәрсені өзгертті. Парламенттің төменгі палатасында Киев режимін қаржыландыруды аса қолдамайтын Республикалық партияға басымдыққа ие болды.
The Washington Post газетінің хабарлауынша, Зеленскийдің сөзінен кейін өкілдер палатасындағы республикашылдардың басшысы Кевин Маккарти Украинаны қолдайтынын, бірақ америкалық көмектің қалай қолдагнылып жатқанын тексергісі келетінін айтты. Колорадо штатынан келген конгрессмендер Лорен Боберт пен Флорида шенеунігі Мэтт Гаетц мәртебелі мейманға мүлде қошемет көрсетпеді. Техас штатының өкілі Чип Рой мұның барлығын "саяси театр" деп атады. Жалпы, Зеленскийді тыңдауға 213 республикалық конгрессменнің 86-сы ғана келді, деп жазды Hill газеті.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда Демократиялық партия Киевке 45 миллиард долларлық көмек пакетін тез арада дауысқа салғысы келген, бірақ бұл жоспар екінші әрекетте ғана жүзеге асты. Біріншісінде республикашылдар бұл бастамаға тосқауыл қойды. Демократ сенатор Крис Кунс оның кейбір партияластары да бұл шараға қарсы болғанын айтты.
Джо Байден Зеленскийге Вашингтон Киевті қанша қажет болса, сонша уақыт қолдауға ниетті екеніне сендірді. Тіпті республикашылдар қарсылық танытса да, Украина армиясын ленд-лиз шартымен қамтамасыз етуге болады. Яғни, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей, көмек алатындар соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін бүтін қалған техника үшін ғана ақы төлейді.
"Президенттер деңгейіндегі кездесуде Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинге бірнеше рет тіл тигізді. Ал америкалық көшбасшы ұстамдырақ болды. Washington Post мұны Байден Мәскеумен тікелей қақтығысты қаламайтынынан деп түсіндіреді", - деп жазылған материалда.
Дәл сол себепті ол М1 Abrams танктерін Украинаға беруден бас тартты. Байденнің айтуынша, бұл НАТО-ның бірлігін бұзуы мүмкін. Өйткені ол жақта Ресеймен соғысуды қолдайтындар аз. Бұған дейін Пентагон Киевте әскери көліктер жеткілікті екенін, ал америкалық үлгілер тым күрделі екенін алға тартты. Бұған дейін Германия америкалықтардан бұрын "Абрамстарды" украин жеріне жөнелтуден баст тартты.
Politico газеті Зеленскийдің бұл кездесу нәтижесіне көңілі толмағанын жазды. "Біз көбірек "Патриот" алғымыз келеді. Өкінішті", - деді ол америкалық шенеуніктер мен журналистердің ортасында.
БАҚ хабарлауынша, Байден Зеленскиймен кездесуді әлі де жалғасып жатқан соғыс қимылдары туралы байыпты сөйлесу үшін пайдаланғысы келген. Сондықтан, АҚШ президенті өзінің сақтығын түсіндіруге тырысқанда, ал оның әріптесі Киевтің тек Вашингтонға ғана арқа сүйейтінін ашық айтты.
РИА Новостиге сұхбат берген сарапшылар бұл кездесу Зеленскийге емес, Байденге қажет деп санайды.
"Америкалықтар Зеленскийді әлемдік деңгейдегі көшбасшы ретінде танытып, қазір өздері қиын жағдайға тап болды. Украина президенті америкалық саясатты анықтай аламын деп ойлады. Ал Байден жағдайдың қалай өрбійтінін тек Ақ үй шешетінін еске салған секілді", - дейді Ресей ғылым академиясының АҚШ және Канада институтының бас ғылыми қызметкері Владимир Васильев.
Бітімгершілік бастамалар және қақтығыстарды зерттеу институтының жетекшісі Денис Денисов америкалықтар Киевке қақтығысты қажетті тиісті ұстап тұру үшін қажетті өлемде ғана қару беріп жатқанын айтты. "Майдандағы жағдай Украинаның Бас штабында емес, Пентагонда талданады және жеткізілім ауқымы туралы шешім де сонда қабылданады. Бұл жағдайда Киевтің мүддесі екінші орында тұр", - деді ол.
Мұның тағы бір дәлелі - бейбіт және дипломатиялық реттеу туралы мәлімдемелердің болмауы. Сонымен қатар, сарапшылар америкалықтардың жартысына жуығы соғыс қимылдарына тікелей қатысқысы келмейтінін айтады.