Үздік ауыл әкімі анықталды

© PhotoАуыл әкімдері
Ауыл әкімдері - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 желтоқсан– Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Үздік ауыл әкімі" республикалық байқауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Конкурсқа елдің түкпір-түкпірінен жүзге жуық ауыл әкімі өтінім берген. Әсіресе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары белсенді болды. Ол жақтан 12-14 өтінім түскен. Өңірлік кезеңде қатысушылар халықтың жағдайын жақсарту бойынша өз жобаларын қорғады, ауылды дамытуға қатысты ұсыныстарын әзірледі. Ал республикалық деңгейде ауыл әкімдерінің проблемалық жағдайларды шешу қабілеті бағаланды.
Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов "Үздік ауыл әкімі" атағына ие болды.
Екінші орында - Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, ал Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов үшінші орынды иеленді.
Бұдан бөлек, бірнеше әкім арнайы аталым бойынша марапатталды:
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Агланбеков – "Үздік шаруашыл әкім";
Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Зауре Муханалиева – "Ашық әкім";
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова – "Үздік әлеуметтік жоба".
Жаңалықтар
0